Назаров Ағабек Жеңісбекұлы
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының философия докторы (PhD) дәрежесiн беру жөніндегі докторлық диссертацияларды қорғау бойынша «8D021 – Өнер» Диссертациялық кеңесі «8D02108 – Сәндік өнер» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға байланысты «Арал маңы ортағасырлық қоныстарының сәндік архетиптік үлгілерінің классификациясы: ою-өрнектерінің символдық мәні мен мәдени контексттері» тақырыбында жазылған Назаров Ағабек Жеңісбекұлының диссертациялық жұмысы қорғалатынын хабардар етеді. Диссертациялық жұмыс Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Сәндік өнер» кафедрасында дайындалған, қазақ тілінде жазылған.
Ғылыми кеңесшілер:
Каржаубаева Сангуль Камаловна – өнертану докторы, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Сценография» кафедрасының профессоры;
Халыков Кабыл Заманбекович – философия ғылымдарының докторы, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры;
Заимоғлу Өмер – PhD докторы, Анкара музыка және көркемөнер университетінің «Дәстүрлі түрік өнері» кафедрасының профессоры (Анкара қ., Түркия)
Диссертацияны қорғау 2026 жылғы 10 қарашада сағат 11:00-де Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоратында өтеді.
Қорғау аралас форматта (онлайн/офлайн) өтеді.
ZOOM конференция идентификаторы: 670 635 6048
Кіру коды: 2022
Ресми рецензенттер:
Крыкбаева Сара Мукашевна – өнертану кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Кәсіптік білім» кафедрасының меңгерушісі;
Байгутов Карим Алимханулы – PhD докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Өнер» факультетінің деканы.
Диссертациялық кеңестің қорғау отырысындағы уақытша мүшелер:
Масадикова Гузал Гайбуллаевна – PhD докторы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Бейнелеу өнері» кафедрасының меңгерушісі (Түркістан қ.)
Юсупова Ардак Кенесовна – өнертану кандидаты, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті «Өнертану» кафедрасының профессоры (Астана қ.).
Мұқан Аманкелді Оразбайұлы – өнертану кандидаты, доцент, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Театр және кино бөлімінің меңгерушісі.
Іздеу
Хабарландырулар

27.10.2026

07.10.2026

