РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ (СҒЗЖ) КОНКУРСЫНЫҢ
II республикалық кезеңнің қорытындысы
(2024-2025 оқу жылы)
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ректордың 03.03.2025 жылғы № 01/04-65П бұйрығына сәйкес құрылған ұйымдастыру комитеті Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (бұдан әрі – СҒЗЖ) конкурсының II кезеңін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізді.
16.04.2025 жылы Ректордың 03.03.2025 жылғы № 01/04-66П бұйрығымен құрамы бекітілген Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының Конкурстық комиссиясының отырысы өтті. Комиссия Республикалық СҒЗЖ байқауының екінші кезеңінің жеңімпаздарын анықтады.

Республикалық СҒЗЖ байқауының екінші кезеңіне республиканың келесі жоғары оқу орындарының студенттері қатысты:
- 1. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Алматы;
- 2. Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, Астана қаласы.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің 26.03.2025 ж. № 14-0/1324-ВН хатына сәйкес Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы келесі білім беру бағдарламалары мен мамандықтары топтары бойынша Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының II кезеңін өткізу үшін базалық жоғары оқу орны болып белгіленді:
- В024 – Өнертану, «Өнертану» бейіні;
- В024 – Өнертану, «Кинотану» бейіні;
- В024 – Өнертану, «Кино және теледраматургия» бейіні;
- В024 – Өнертану, «Театртану» бейіні;
- B027 — Театр өнері;
- 6В021 — Эстрадалық өнер;
Республикалық СҒЗЖ — 2025 байқауының Конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасымен төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыздар. Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының 2-кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз!