РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ (СҒЗЖ) КОНКУРСЫНЫҢ
II республикалық кезеңнің қорытындысы
(2025-2026 оқу жылы)
12-13.05.2026 жылы Ректордың 23.04.2026 жылғы №01/04–106П бұйрығымен құрамы бекітілген Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының Конкурстық комиссиясының отырысы өтті. Комиссия Республикалық СҒЗЖ байқауының екінші кезеңінің жеңімпаздарын анықтады.
Республикалық СҒЗЖ байқауының екінші кезеңіне республиканың келесі жоғары оқу орындарының студенттері қатысты:
1. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Алматы қ.;
2. Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, Астана қ.;
3. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.;
4. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда қ.;
5. Қазақ ұлттық хореография академиясы, Астана қ.;
6. Astana IT University, Астана қ.;
7. Тұран университетінің «Turan Film Academy» Жоғарғы мектебі, Алматы қ.;
8. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ.;
9. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің 2026 жылдың 17 наурыздағы № 14-0/1382-ВН хатына сәйкес Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы келесі білім беру бағдарламалары мен мамандықтары топтары бойынша Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының II кезеңін өткізу үшін базалық жоғары оқу орны болып белгіленді:
«В027 – Театр өнері» / «6В02192 Актерлік өнер»
«6В02193 — Сценография»
«6В02112 «Эстрада өнері» / 6В02194 «Эстрада өнері»
«В024 Өнертану/6В02195 Өнертану Кинотану; Театртану; Кинотеледраматургия бейіндері
«6В02182 — Аудиоөндіріс»
«6В02184 — Көркем фильм режиссурасы»
«6В02115; 6В02183 — Анимация режиссурасы»
«6В02185 – Кескіндеме»
«6В02100 — Фэшн дизайн, Театр және кино костюмінің дизайны»
«6В02188 Сәндік өнер / Зергерлік іс/Ағашты көркемдеп өңдеу/ Көркем тоқыма».
Республикалық СҒЗЖ — 2026 байқауының Конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасымен төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыздар. Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының 2-кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз!



https://kaznai.kz/wp-content/uploads/2026/05/hattama-nirs-2026.pdf






