• 20.04.2024

«Салауатты өмір салты» бейне-байқауы мәресіне жетті

Авторkaznai

Сәу 11, 2022

15 наурыз бен 4 сәуір аралығында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері арасында “Салауатты өмір салты” бейне-байқауы өтті. Байқауға барлық факультеттен 22 студент қатысты.

Барлық финалист салауатты өмір салтын ұстанатынын, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатынын айқын көрсететін ерекше бейнероликтер дайындады.

Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтынын жеткізген студенттердің бейнероликтері де жоғары деңгейде жасалған.

Осы ретте финалға шыққан қатысушылардың барлығы байқау жеңімпазы атанады.

Финалистер:

Завизион Эрик
Исабек Аружан
Сұлтанқұл Сұңқар
Жағыпарқызы Шаттық
Жұмашева Мадина
Кан Жанна
Халыкова Дана
Саду Ақерке

Приемная комиссия