• 04.12.2024

ТЕАТР ӨНЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ


Кульсеитова Мадина Акбаралиевна

Декан

Жаманбаева Нұрсұлу Жайыққызы

Декан орынбасары


  1. Факультет жетістіктері
  2. Факультет түлектері
  3. Мастер класстар
  4. Студенттердің жетістіктері
  5. Кафедралар
  6. Аккредитация және рейтинг
  7. Call-центр

Қазақстан театрларының сахнасында сан алуан характерлерді сомдаған Х.Бөкеева, Ш.Жандарбекова, Е.Диордиев, Ы.Ноғайбаев, Ф.Шәріпова, Ли Хам Дек, Н.Жантөрин, М.Жақсымбетова, Т.Мейрамов, Т.Жаманқұлов, Т.Тасыбекова, Р.Машурова, Г.Бойченко, Ж.Мейрамова сынды көрнекті әртістеріміз жаңа буын актерлер мен режиссерлерді тәрбиелеуде үлкен үлес қосты.

Театрда жұмыс жасаған тәжірибелі оқытушылармен бірге факультеттің ең ұздік түлектері Ә.Сығай, Т.Наурызбаева (актер шеберлігі), Д.Тұранқұллова, М.Омарбаева (сахна тілі), А.Құлбаев (сахна қозғалысы) дәріс бере бастады. Бүгінгі күні олардың ұстаздық, шығармашылық және ғылыми-әдістемелік тәжірибелері театр факультетінің мақтанышына айналып отыр.

Факультет түлектері Қазақстанда (Талдықорған, Павлодар, Астана, Қостанай, Петропавловск, Орал, Ақтау), Қырғыстанда, Қытай Халық республикасында, Өзбекстанда жаңадан ашылған театрлардың актерлер труппасының негізін қалауда.

А.Тоқпанов, Р.Қаныбаева, Ә.Сығай, М.Байсеркеұлы, К.Кенжетаев, Д.Тұранқұлова, Е.Сегізбаев, Е.Обаев, Т.Өмірзақов, А.Құлбаев, Т.Наурызбаева, М.Омарбаева, М.Әбзелбаев, Ж.Капесов, Т.Айтқожанов, Т.Омаров, Р.Машурова, К.Байқуатұлы, П.Ильдаров, А.Сембин, Ж.Баймолдина, А.Қожахметова, М.Жүнісов, Ж.Мейрамова, О.Кенебаев, С.Мерекеұлының әдістемелік еңбектері мен мақалаларының театр педагогикасының тарихы мен теориясына қосқан үлесі мол.

1977 жылы театр факультетінде «Мен» атты жастардың экспериментальды театры ашылды. Театрдың негізін қалаушы ҚР өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, доцент Н.Жақыпбай болды.

2007 жылдан бері академияда Т.Омаров жетекшілігімен «Алматы – Music» атты студенттік театр жұмыс жасайды. Аталмыш театрдағы студенттердің күшімен «Махаббатым менің Астана» атты мюзикль қойылды. Спектакль «Дос-Мұқасан» тобының музыкасымен орындалды. Ол Астана қаласының онжылдығына арналған іс-шара аумағында табысты көрсетілді.

Театр өнері  факультеті ТМД және шет елдердің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен халықаралық байланысын үзген емес. Соңғы жылдары факультет алыс және жақын шет елдермен өзара педагогикалық мамандар алмастырып, студенттер, магистрантар мен PhD докторларын тәжірибе алмасуға жіберуде. Санкт-Петербург театр өнері академиясына (А.Құлбаевтың жетекшілігімен), Ресей театр өнері академиясына (Ж.Ысқақтың жетекшілігімен), Ұлыбританияға Лондон өнер колледжіне (Г.Сапарғалиеваның жетекшілігімен) барған сапарлар мен тәжірибе алмасулардың нәтижелі болғандығын айтып өту керек.

Театр өнері факультеті өзінің көп жылдық ұзақ жолында Қазақстан Республикасының театр өнеріне маңызды үлес қосты: көпшілігі белгілі актерлер мен режиссерлер, мәдениет және өнер мекемелерінің басшылары және еліміздің қалаларындағы оқытушылық қызметтерде жүрген мыңға жуық жоғарғы білімді мамандарды даярлап шығарды.

Театр факультетінде әр жылдары Р.Қаныбаева, Т.Наурызбаева, Н.Тимошина, Ж.Нағашыбаев, Ж.Қапесов, Б.Құрманғожаев, Г.Сапарғалиева, А.Құлбаев басшылық етті.

1979 жылы «Музықалық комедия» кафедрасы ашылып, меңгерушісі ҚР Халық әртісі К.Кенжетаев болды, «Музыкалық драма» театрының актерлерін дайындау басталды. П.Ильдаров, Е.Сегізбаев, Р.Машурова, М.Жүніс, Г.Ғизатова, П.Дорохова, А.Сембин сынды ұстаздардың еңбегі мен музыкалық драма театры мамандарын дайындаудың әдістемелік негізі қаланды.

1987 жылдан бастап факультетте «Қуыршақ театрының актері» және «Қуыршақ театрының режиссері» мамандықтары бойынша мамандарды дайындау қолға алынды. Мамандарды дайындауды Н.Колесникова, А.Али-Айдарова, С.Мақұлбеков жүргізді.

1993 жылдан бастап Қазақстанда бірінші рет «Гример-көркемдеуші» маманын дайындай бастады. Курсты Қазақстанның белгілі гримерларының бірі Мәдениетке еңбегі сіңген қайраткер, доцент В.А.Щербаков жүргізді.

Факультетте көрнекті өнер қайраткерлері Р.Андриясан, Е.Обаев, Ж.Хаджиевтар дәріс береді. Бүгінгі күні факультетте 5 кафедра бар:“Жеке ән салу”, “Актер шеберлігі және режиссура”, “Сахна пластикасы”, “Сахна тілі”, “Сахна безендіру”. 
Педагогикалық қызметке белгілі режиссерлер ҚазССР-нің Халық әртістері Мен Дон Ук, К.Жетпісбаев, Р.Андриясан, Е.Обаев, өнер қайраткелері А.Пашков, И.Ким, Н.Жақыпбай, А.Рахимов, Б.Атабаев, О.Ли, Я.Шамиевтар шақырылды.

Театр шеберлігінің негізгі еңбегі А.Тоқпанов, Р.Қаныбаева, Х.Бөкеева, Ш.Жандарбекова, А.Мәмбетова, М.Байсеркеұлы, Т.Наурызбаева, Р.Машурова, Е.Сегізбаев, Н.Жақыпбай, Т.Омаров, С.Мақұлбеков және басқалардың шығармашылық мектептерінің қалыптасуымен айқындалады.
Кафедра 100-ден аса лауреаттар, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздарын дайындады.

Болашақ актерлердің пластикалық мәдениетін тәрбиелеуде А.Құлбаев, Г.Ақылбекова, К.Жұмағалиев, Т.Айтқожанов, А.Құмаржанов, А.Шаңқыбаева, Р.Айтқожанова, Н.Гончарова және т.б. үлкен жетістіктерге жетті.

1978 жылдан бастап «сахна безендіру» кафедрасы құрылды, осы уақыт аралығында Қазақстан мен шет елде сәтті жұмыс атқарып жүрген 150-ден аса қоюшы-суретшілерді дайындады. Бүгінгі күні кафедра театрланған сәндік өнер саласы бойынша жоғары білікті маман дайындау ісінде үздік лидер атанып отыр.

Жас суретшілерге отандық өнер мэтрлары шеберліктерінің құпиялы сырын жомарттықпен бөліседі, олар: ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, М.О.Әуезов атындағы Қаздрамтеатрының бас-суретшісі Е.Ж.Тұяқов, профессор Д.Т.Сүлеев, Абай атындағы МАОБТ-ның бас-суретшісі, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Ж.Жаңбыршиев, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері В.А.Щербаков, ҚР СО-ның мүшесі С.Н.Қаржаубаева, К.З.Халықов, А.Б.Аянбергенов, аға оқытушы Л.П.Медведева.

Кафедра бойынша сабақтар теориялық тұрғыда және тәжірибелік іс-әрекет арқылы білікті мамандармен өткізіледі. Оқытушылық құрамның көпшілігі ғылыми дәрежелі, сондай-ақ ғылыми, оқу және әдістемелік жұмыстар жазған, ҚР суретшілер одағының мүшесі болып табылады, қарқынды шығармашылық қызмет атқарады, Республикамыздағы белгілі театрлардың қоюшы-суретшілері. Солардың көмегімен көптеген көрмелер мен спектакльдер жасалды.

Кафедра студенттерінің көпшілігі мұражайлық тәжірибемен ТМД елдері және шет елдерге жүйелі шығып отырады. Кафедраның оқытушылары мен студенттері халықаралық театрлық фестивальдарға, көркемсурет көрмелеріне және байқауларға қатысады. Кафедрада жыл сайын халықаралық Театр күніне орайластырылған студенттік көрмелер ұйымдастырылады. Одан басқа, кафедрада студенттердің үздік жұмыстары негізінде үнемі көрме болып тұрады. 2006 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Орталық көрме залында барлық курс студенттерінің жұмыстарымен үлкен көрме құрылды; соған сәйкес плакат каталог басып шығарылды. Көрме қаланың мәдени өміріне үлкен резонанс тудырды және ҚМХ бойынша кеңінен таралды («Алматы ақшамы», «Хабар», «Қазақстан»).

Кафедраның жұмысы аралығында студенттердің сахна безендіру композициясы, кескіндеме және сурет бойынша үлкен жұмыс топтамалары жинақталды, әдістемелік қор құрылды. Доцент К.З.Халықовпен кафедраның есептеуіш энциклопедиясы құрылуда. Кафедра түлектері театрларда, Қазақфильм киностудиясында, полиграфияда, телевизияда, дизайн және сәулетте жемісті жұмыс жасайды. «Сахна безендіру» кафедрасының негізін Отандық өнердегі белгілі қызметкерлер мен жас оқытушылардың ұтымды идеялар ынтымақтастығы, танымал шеберлердің бай тәжірибесі және жастардың ізденісі құрайды.

Бүгінгі күні театр факультеті театр мамандарын дайындайтын ТМД-дағы оқу орындары арасында құрметпен бағаланады. Театр өнерінің жас мамандарын дайындаудағы және факультеттің шығармашылық, әдістемелік және ғылыми-зерттеу еңбектері өнер әлемінде жоғары бағасын алып келеді.

Приемная комиссия