Темірбек Жүргенов академиясының жас режиссерлері Канада мен Ресейдегі кинофестивальдерде үш жүлде иеленді | ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
kz ru en

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

  • Біз туралы
    • Басшылық
    • Қызметтер және бөлімдер
    • Факультеттер
    • Ғылыми кеңес
    • Оқу-әдістемелік кеңес
    • Байланыстар
  • Академия
    • Құжаттар
    • Вакансиялар
    • Оқу процесі
    • Күміс университеті
    • Шығармашылық жұмыстар
    • Оқу театры
    • Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру бөлімі
  • Білім алушыларға
    • Сабақ кестесі 2026-2027
    • Оқу оқысы бойынша ақпарат
    • Академиялық күнтізбе
    • PLATONUS
    • LMS Moodle
    • Академиялық ұтқырлық
    • Психологиялық қызметі
    • Реквизит
    • “Шәкен” кино клубы
  • Талапкерлерге
    • Бакалавриат
    • Магистратура
    • Докторантура (PhD)
    • Ашық есік күндері
  • Ғылым
    • Ғылыми кадрларды даярлау
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
    • ҚазҰӨА диссертациялық кеңесі
  • Кітапхана
    • Электронды кітапхана
    • Электрондық каталог
    • Электрондық каталогта кәсіби іздеу
    • Оқырмандар кабинеті

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

kz ru en

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

  • Біз туралы
    • Басшылық
    • Қызметтер және бөлімдер
    • Факультеттер
    • Ғылыми кеңес
    • Оқу-әдістемелік кеңес
    • Байланыстар
  • Академия
    • Құжаттар
    • Вакансиялар
    • Оқу процесі
    • Күміс университеті
    • Шығармашылық жұмыстар
    • Оқу театры
    • Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру бөлімі
  • Білім алушыларға
    • Сабақ кестесі 2026-2027
    • Оқу оқысы бойынша ақпарат
    • Академиялық күнтізбе
    • PLATONUS
    • LMS Moodle
    • Академиялық ұтқырлық
    • Психологиялық қызметі
    • Реквизит
    • “Шәкен” кино клубы
  • Талапкерлерге
    • Бакалавриат
    • Магистратура
    • Докторантура (PhD)
    • Ашық есік күндері
  • Ғылым
    • Ғылыми кадрларды даярлау
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
    • ҚазҰӨА диссертациялық кеңесі
  • Кітапхана
    • Электронды кітапхана
    • Электрондық каталог
    • Электрондық каталогта кәсіби іздеу
    • Оқырмандар кабинеті
8 727 272 97 72
(Қабылдау комиссиясы)
kaznai@art-oner.kz
Панфилов көшесі, 127, Алматы, Қазақстан
Басты Жаңалықтар Темірбек Жүргенов академиясының жас режиссерлері Канада мен Ресейдегі кинофестивальдерде үш жүлде иеленді
Темірбек Жүргенов академиясының жас режиссерлері Канада мен Ресейдегі кинофестивальдерде үш жүлде иеленді

06/10/2026

Жаңалықтар

Темірбек Жүргенов академиясының жас режиссерлері Канада мен Ресейдегі кинофестивальдерде үш жүлде иеленді

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино және телевизия» факультетінің студенттері мен түлегі Канададағы Loon Film Festival халықаралық фестивалі мен Мәскеудегі «Восхождение» IV халықаралық студенттер фестивалінде үш жүлдеге ие болды.

     Канаданың Онтарио провинциясындағы Оттава қаласында өткен Loon Film Festival халықаралық фестивалінде 3-курс студенті Ерхат Ерсайынов «Жоғалған арал» фильмімен жүлделі ІІІ орынды иеленді.Екінші рет ұйымдастырылған фестиваль бағдарламасына табиғат, бейбітшілік және жануарлар құқығы тақырыптарына арналған қысқаметражды және толықметражды фильмдер енгізілді. Фестиваль киноиндустрияға арналған FilmFreeway халықаралық платформасының Gold санатында орналастырылған. Жас кинематографистердің жұмыстарын халықаралық деңгейде таныстыруға, кәсіби тәжірибе алмасуға және мәдени байланыстарды дамытуға бағытталған фестиваль аясында көркем, деректі, анимациялық және эксперименттік туындылар ұсынылды.

     Сонымен қатар, Академия өкілдері Мәскеу қаласындағы С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінде өткен «Кинобілім: ТМД мемлекеттерінің бірлескен білім беру жобалары» дәстүрлі форумына қатысты. Төртінші рет ұйымдастырылған форумның негізгі іс-шарасы ТМД елдерінің жас кинематографистерін біріктірген «Восхождение» IV халықаралық студенттер фестивалі болды. Оның конкурстық бағдарламасына жеті елден 50 кинотуынды ұсынылды.Фестиваль қорытындысы бойынша «Анимация режиссурасы» білім беру бағдарламасының түлегі Бауыржан Адаевтың «Пуповина» фильмі «Анимациялық фильмнің үздік режиссурасы» аталымында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ «Көркем фильм режиссурасы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Махамбет Мырзаның «Май» фильмі қазылар алқасының «Актерлік өнердегі алғашқы қадамдары үшін» арнайы сыйлығына ие болды.

     Аталған жетістіктер Академия студенттері мен түлегінің шығармашылық әлеуетін халықаралық деңгейде танытып, қазақстандық жас кинематографистердің кәсіби тәжірибесін кеңейтуге және отандық кино өнерін шетелдік аудиторияға ұсынуға үлес қосады.

Іздеу

Хабарландырулар

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ішкі іріктеу конкурсын өткізу кестесі

02.10.2026

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ішкі іріктеу конкурсын өткізу кестесі

ТОЧКА СТАРТА

29.09.2026

ТОЧКА СТАРТА

Академияда жасанды интеллектті пайдалану мәселелеріне арналған воркшоп өтеді

23.09.2026

Академияда жасанды интеллектті пайдалану мәселелеріне арналған воркшоп өтеді

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз

22.09.2026

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз

  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
  • “Таза Парақтан” Реттеу жобасы туралы
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Санаттар

  • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Хабарландырулар

Біздің әлеуметтік желілеріміз

Қабылдау комиссиясы

БАКАЛАВРИАТ:

8 (727) 272-46-74

МАГИСТРАТУРА:

8 (727) 338-20-31

Академияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Біз өз жұмысымызда ашықтық, инклюзивтілік және қоғамға деген ықпал жасауға ұмтыламыз. Сіздің қолдауыңыз бен қатысуыңыз біз үшін өте маңызды.

Академия

Құжаттар

Электрондық пошта:

kaznai@art-oner.kz

Ректордың қабылдауы:

8 (727) 338-35-55

Қабылдау комиссиясы:

8 (727) 272-46-74

© 2025 ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ.

Сделано в Alteman