• 07.12.2022

«Үздік ЖОО оқытушысы – 2022» конкурсы

Авторkaznai

Қар 3, 2022

«Үздік ЖОО оқытушысы – – 2022» конкурсы

Құрметті Академияның профессорлық-педагогикалық ұжымы!

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті» РМУ жыл сайынғы «Үздік ЖОО оқытушысы» байқауын жариялайды.

Академияның штаттық оқытушыларының ішінен үміткерлер конкурстың I кезеңіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі келесі құжаттарды тапсырады:

1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға үлгі бойынша өтінім;

2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

4) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Өтінімдер академияның жүйелік әкімшісі – «Компьютерлік технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Сатыбалдиева Феруза Абубакировна көмегімен universitycontest.iac.kz 10 қарашаға дейін сайтында беріледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия