08.10.2026 Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Кинозалында Германияның заманауи хореографиясы туралы ашық дәріс өтті.
Дәрісті дайындаған жоба авторы Жанна Төленді — режиссер, продюсер, JOLDA Dance театрының негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі. Дәріс «Ритм» дәрістерінің білім беру циклі — Қазақстандағы Гёте-Институты және JOLDA Dance Theatre тәуелсіз заманауи би театрының бірлескен жобасы аясында өткізілді. Жоба қазақ тіліндегі заманауи би туралы дискурсты кеңейтуге және осы салада білім алмасу үшін тұрақты кеңістік құруға бағытталған.
Іс-шараның модераторы, философия докторы (PhD), «Хореография» факультетінің деканы — Аухадиев Ильзат Ришатович. Дәріске тыңдаушылар ретінде «Хореография педагогикасы» және «Балетмейстерлік өнер» кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы, студенттері, сондай-ақ факультет түлектері қатысты.

















