«Жеке ән салу» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі
«Жеке ән салу» кафедрасы 1979 жылы музыкалық комедия кафедрасының негізінде ашылды. «Жеке ән салу» кафедрасының негізін қалаушылар ҚР халық артисі, профессор Кәукен Кенжетаев, доцент Марияш Жолымбетова, Рахилям Машурова, Есім Сегізбаев, Полат Ильдаров, Мәлік Ерғалиев, Гулнара Гизатова, Арнольд Шпизман, Мақсұт Жүніс, Құрманбек Байқуатовтар.
Кафедраның негізгі мақсаты студенттердің актерлік шеберлігін шыңдай отырып, кәсіби тұрғыда дауысы демге қойылған, дауыс бояу қалыптасқан, әннен сөзге, сөзден әнге дауыс тембрін өзгертпей орындай алатын кең дауысты кәсіби актер-әнші тәрбиелеу.
Театр өнері факультеті тарихында алғашқы рет «Музыкалық комедия» мамандығы бойынша 4 курс студенттерімен Павлодар қаласында өндірістік практика ұйымдастырылды. Жаңа ашылған Ж.Аймауытов атындағы Павлодар музыкалық драма театрының негізі осы студенттерден қаланады. Павлодар музыкалық театрының салтанатты ашылу рәсімі К. Кежетаевтың 75-жылдығына арналып, академия бітіруші студенттер тобының тамаша қойылымымен ашылды.
«Музыкалық комедия» кафедрасының түлектері Қазақстан өнер саласында әншілік орындаушылығымен ерекше абыройға ие болды, олар: ҚР халық артисі Роза Рымбаева, ҚР-на еңбек сіңірген артистері Майра Ілиясова, Дүйсен Кенжеев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Құдайберген Бекішев, Мәдениет қайраткерлері Талжібек Атамбекова, Мұхтар Байжұманов, Досмухамед Ұябаев, Айгүл Иманбаева, Меруерт Түсіпбекова, Қаракөз және Гүлбаушан Тілеубековалар, Сырым Қашқабаев, Жанқалдыбек Төленбаев, Роман Чехонадский, Елена Ломоносова. Абай атындағы опера және балет театрының солистері Рыскен Меденова, Дулат Тоқанов, — халықаралық әншілер конкурсының лауреаты, «La Scala» театрының стажері Салтанат Мырзабекова.
Кафедра құрамында елімізге танымал опера әншілері дәріс берді. Олар: ҚР халық артисі Ш.Үмбеталиев, ҚР-ның еңбек сіңірген артистері А.Сембин, Б.Қожабаев, Нина Радченко, Жұлдыз Баймульдина, Мұрат Шалабаев, Болат Жомартов,Т.Күзембаевтар.
«Жеке ән салу» кафедрасының дамуына ерекше үлес қосқан ҚР-ның халық артистері: Шора Үмбеталиев, Владимир Ким, ҚР-ның еңбек сіңірген артисі, Москва консерваториясының түлегі Амангелді Сембин, Қанат Құлымжанов, тамаша ұстаз Полина Дорохова, Виктор Даренский, Рысхан Шаушиева, Сергей Бреусов.
- 1987 — 1999 жыл аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін доцент М.О.Жүніс атқарды.
- 1999 — 2007 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін ҚР мәдениет қайраткері профессор Құрманбек Байқуатұлы атқарды.
- 2007 — 2009 жылдары кафедраны Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияның түлегі Торғын Смайлова атқарды.
- 2009-2015 жылдары «Жеке ән салу» кафедрасының меңгерушісі қызметін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алтын күз» камералық конкурсының лауреаты, профессор Д.З.Уашев атқарды.
- 2016 – 2021 жылдары «Жеке ән салу» кафедрасының меңгерушісі қызметін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Г.Сапаргалиева атқарды.
- 2022- 2024 жылдары «Жеке ән салу» кафедрасының меңгерушісі қызметін Бүкілодақтық конкурстың лауреаты, аға оқытушы В.Н.Алпысбаева атқарды.
- 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап «Жеке ән салу» кафедрасының меңгерушісі қызметіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алтын күз» камералық конкурсының лауреаты, профессор Д.З.Уәш қайта тағайындалды.
Бүгінгі күні кафедрада ҚР-ның халық артисі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Барыс» орденінің иегері Нұрғали Нүсіпжан, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жұматай Махамбетов; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: профессор Гульдана Сапаргалиева, профессор Дәлел Уәш, аға оқытушы Болат Жомартов, оқытушылар: Дина Дютмагамбетова; ҚР мәдениет қайраткері, Құрмет орденінің иегері Галина Қарамолдаева, Құрмет Орденінің иегері Тлеубек Қожанұлы, ЖАК доценті Құрманбек Байқуатұлы, профессор Мақсұт Жүніс, аға оқытушы, философия докторы (Ph.D) Венера Алпысбаева, оқытушылар: Ольга Лукашева, Нұрсұлтан Сабиров, Шаһаризада Сапарова, Мамырбай Сияз, Светлана Ахметова, Тимур Тлеукабылов, концертмейстерлер: Т.Куликовская, С.Каюпова, Д.Бисембаева, Л.Курмангалиева, Е.Яновец, Т.Гаглоевалар табысты еңбек етуде. Сонымен қатар кафедрада жас оқытушылар қызмет атқаруда.
Кафедрада белгілі орындаушы, өнер саласының көрнекті қайраткерлерінің шеберлік дәрістері өткізіліп тұрады. КСРО халық әртісі, Кишинев консерваториясының профессоры (Молдова) Г.Мунтян, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибігүл Төлегенова, Халықаралық вокал өнерінің академиясының академигі, профессор Шахмардан Абилов, халық артисі, профессор Ғафиз Есімов, РСФСР- дің еңбек сіңірген артисі, Н.А.Римский — Корсаков атындағы Санкт- Петербург консерваториясының профессоры Н.Н.Арсентьева. Профессор, доктор М.А.Хамидовалар (Өзбекстан) шақырылып, шеберлік класстар өткізілді. Бұл шеберлік дәрістер әр оқу жылында бекітілген кесте бойынша өткізіліп тұрады. «Жеке ән салу» кафедрасының 45 жылдық нәтижелі еңбегі арқасында, жоғары деңгейдегі актер-әншілер тәрбиеленіп, көптеген халықаралық, республикалық, регионалдық байқаулардың жеңімпаздары атанып, қазіргі таңда шетел мемлекеттерінде, ТМД елдерінде, еліміздің түрлі жанрлы барлық театрларында, концерттік ұжымдарда табысты еңбек етуде.
Іздеу
Хабарландырулар

07.09.2026



