• 29.11.2021

Кітапхана ҚазҰӨА

КІТАПХАНА ТАРИХЫАТАУЛЫ КҮНДЕРМЕКТЕП-ИНТЕРНАТ, КОЛЛЕДЖ



Bilim Land
IMektep
Twig
«Парасат жолы»

Кітапхана пайдаланушыларының құқықтары мен міндеттері

КІТАПХАНА ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ:

1.1 ұсынылатын кітапханалық-ақпараттық қызметтердің негізгі түрлерін тегін пайдалану;

1.2 электрондық каталог және кітапханалық ақпараттандырудың басқа да ресурстары арқылы кітапхана қорларының құрамы туралы толық ақпарат алу;

1.3 ақпарат көздерін іздеуде және таңдауда кеңестік көмек алу.

ПАЙДАЛАНУШЫЛАР МІНДЕТТІ:

2.1 кітапхананы пайдалану ережелерімен танысу және сақтау, пайдаланушының құқықтары мен міндеттері;

2.3 сыртқы киімді гардеробқа тапсыру;

2.4 жеке ақпарат тасығыштарды (флешкалар, дискілер) пайдалану кезінде вирустардан бар-жоғын тексеру;

2.5 кітапхананың кітаптарына, баспа шығармаларына, материалдарына және мүлкіне ұқыпты қарау;

2.6 алынған басылымдарды белгіленген мерзімде қайтаруға немесе оқу залында кітаптарды пайдалану мерзімін уақытында ұзартуға;

2.7 кітапхана кітабы жоғалған немесе бүлінген жағдайда, ұқсас кітаптар (ауыстыруға ұсынылатын кітаптар тізімі) мөлшерінде тең деп танылған басылыммен келтірілген залалдың орнын толтыру;

2.8 жоғарыда аталған ережелерді сақтамаған жағдайда, пайдаланушыға кітапхана қызметтеріне қолжетімділік ішінара немесе толығымен шектелуі мүмкін;

2.9 пайдалану ережелерін бұзған немесе кітапханаға зиян келтірген тұлғалар қолданыстағы заңнамамен және кітапхананы пайдалану ережелерімен қарастырылған формада әкімшілік, азаматтық-құқықтық (материалдық) жауапкершілікке тартылады.

ПАЙДАЛАНУШЫҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

3.1 басылымдарды алу үшін басқаның құжатын пайдалану;

3.2 кітапханадан өзіне тіркелмеген әдебиетті шығару;

3.3 қатты сөйлеу, телефонды дыбыстық режимде пайдалану, оқу залдарына тамақ әкелу;

3.5 кітап қоймасының қосалқы қорына рұқсатсыз кіру.

КІТАПХАНАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

4.1 Кітапхана міндетті:

  • Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кітапханасы туралы Ережеге сәйкес оқырмандарға қызмет көрсету;
  • оқырмандарға көрсетілетін қызметтердің барлық түрлері туралы ақпарат беру;
  • оқырмандарға кітапхана қорын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • кітапхана қорлары мен көрсетілетін қызметтерді танымал ету, кітаптарға деген қызығушылықты дамыту және ынталандыру;
  • компьютерлендіру мен озық технологияларды енгізе отырып, оқырмандарға кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру;
  • кітапханада оқырмандар үшін қолайлы жағдай жасау және қолдау;
  • белгіленген ережелерге сәйкес қордағы кітаптарды – баспа туындыларын және материалдарын есепке алу, сақтауын және пайдалануын жүзеге асыру;
  • ұлттық мәдени игіліктің бір бөлігі болып табылатын кітапхана қорларының сақталуына жауапты болады;
  • оқырмандардың кітапханада сақталатын құжаттарға қол жеткізуін шектеуге жол бермейді.

4.2 нормативтік талаптарға сәйкес кітапхана тазалық күндерді өткізуге құқылы;