• 29.11.2021

Өнертану факультеті

“Өнертану” факультеті үш кафедра негізінде құрылған: “Театр өнері тарихы мен теориясы” (кафедра меңгерушісі профессор С.Д. Кабдиева), “Кино тарихы мен теориясы” (кафедра меңгерушісі профессор Г.К. Наурызбекова), “Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы” (кафедра меңгерушісі профессор К.С.Оразкулова). Факультет “Театртану”, “Өнертану”, “Кинотану” және “Кинотеледраматургия” бағыттары бойынша үш деңгейде мамандар даярлайды: бакалавриат, магистратура және докторантура.

Жақсылықова Меруерт Болатқанқызы

Декан

«Өнертану» факультетінің деканы, театртанушы, өнертану кандидаты, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті. Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының (2004) және Халықаралық Театр сыншылары ассоциациясының (IATC, 2018), Халықаралық Театр сыншылары бірлестігінің (IUTC, 2019) мүшесі.

Джумабеков Ержан Фазылович

Декан орынбасары

Кинотанушы, өнертану магистрі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының оқытушысы. NETPAC мүшесі. Baiqonyr International Short Film Festival және Shymkent Short Film Festival бағдарлама директоры. Республикалық және халықаралық кинофестивальдердің қазылар алқасының мүшесі.

Біздің түлектер

Мастер класстар

Студент жетістіктері

       «Өнертану» факультетінің құрамына 3 кафедра кіреді: «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» (каф.меңгерушісі, профессор  Қ.Оразқұлова), «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» (каф. меңгерушісі, профессор С.Қабдиева), «Кино өнерінің тарихы мен теориясы» (каф. меңгерушісі, профессор Г.Наурызбекова). Факультет үш деңгейде: бакалавриат, магистратура, докторантура, «Театртану», «Өнертану», «Кинотану», «Кинотеледраматургия» бағыттары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады.

      «Өнертану» факультетінің тарихы 1983 жылы Алматы Мемлекеттік театр-көркемсурет институтында философия ғылымдарының кандидаты, доцент В.Диденко меңгеруші болған «Эстетика, өнер тарихы мен теориясы» кафедрасының ашылуынан басталады. 1987 жылдан бастап кафедраның аты «Өнер тарихы мен теориясы» деп өзгертілді (каф. меңгерушісі өнертану кандидаты, доцент К.Ибраева). 1990-1993 жылдары кафедраны өнертану докторы, профессор Б.Құндақбаев, 1993-1996 ж.ж. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ө.к., профессор А.Қадыров басқарды. 1996-2000 ж.ж. өнертану кандидаты, профессор С.Д.Қабдиева болып, кейін Т.Жүргенов атындағы Қаз ҰӨА-ның ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

      2000 жылдан бастап «Өнертану» атанған кафедра академияның өнертану саласындағы басты теориялық базасына айналды. Бұл жылдары кафедраны өнертану докторы, профессор Б.Құндақбаев басқарды. 2002 жылы осы кафедра негізінде «Өнертану» факультеті құрылды, факультет деканы болып п.ғ.к, доцент, ҚР Суретшілер және Журналистер одағының мүшесі Қ.Болатбаев тағайындалды. Факультет қарамағына төрт кафедра кірді: «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» (каф. меңгерушісі С.Д.Қабдиева), «Кино өнерінің тарихы мен теориясы» (каф. меңгерушісі Г.Қ.Наурызбекова), «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» (каф.меңгерушісі  Р.А.Ерғалиева), «Дәсүрлі мәдениет және өнер» (каф. меңгерушісі А.Т.Айтуарова).

  • 2006 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін факультет деканы өнертану кандидаты, доцент, қазіргі кезде өнертану докторы, профессор Б.К.Нұрпейіс. 
  • 2004-2006 жылдары «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасын өнертану кандидаты, доцент Б.К.Нұрпейіс басқарды. 2006 жылдан бүгінгі уақытқа дейін өнертану кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері С.Д.Қабдиева басқарып келеді.
  • 1990 жылы «Театртану» мамандығы бойынша студенттердің алғашқы тобы қабылданды.  Шеберхана жетекшісі Қазақстан Республикасының  театр өнерінің тарихы мен теориясы бойынша көрнекті маманы, өнертану докторы, профессор Б.Құндақбаев болды.

Бұдан былай студенттерді оқыту, шығармашылық шеберліктер принципіне негізделіп өткізілді, оған театртанушы-мамандар: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, өнертану докторы, профессор Б.Құндақбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты, профессор А.Қадыров, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Ә.Сығай, өнертану кандидаты, профессор С.Қабдиева,  өнертану докторы, профессор Б.Нұрпейіс жетекшілік етті. Кафедрада Қазақстандағы білікті театртанушылар сабақ береді.

   Кинотану мамандығының алғашқы тобы 1993 жылы қабылданды, Шеберхана жетекшісі – Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген қайраткері, белгілі кинотанушы Б.Нөгербек. Кинотеледраматургтер 1994 жылы қабылданды. Бұл  шеберханада ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы, кинодраматург Ә.Әшімов (Әкім Тарази) дәріс берді. Қазіргі кезде «Кинотеледраматург» мамандығы бойынша шеберханаларда белгілі жазушылар мен кинодраматургтер Д.Исабек, С.Балғабай, С.Елубай, Ш.Құсайынов  дәріс беріп келеді.

    «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасын 2002-2003 жылдары өнертану докторы, профессор Р.Ерғалиева, 2003-2007 жылдары өнертану кандидаты, доцент  О.Батурина, 2007-2010 жылдары өнертану кандидаты А.Юсупова, 2011 жылдан бүгінге дейін философия ғылымдарының кандидаты, профессор  К.С.Оразқұлова басқарып келеді.

     «Өнертану» факультеті қарышты дамуда. Факультеттің шығармашылық-ғылыми жағында жетекші мамандар дәріс береді: кинорежиссер, доцент  Д.Өмірбаев; драматургтер Д.Исабеков, профессор; С.Балғабай, профессор; С.Елубай, профессор; Ш.Құсайынов филология ғылымдарының кандидаты, доцент; кинотанушылар Г.Наурызбекова, профессор, Н.Беркова, доцент, Г.Мурсалимова, өнертану кандидаты, доцент, Б.Б.Нөгербек PhD докторы; театртанушылар А.Қадыров өнертану кандидаты, профессор; С.Қабдиева өнертану кандидаты, профессор; Х.Сағатова профессор; Р.Функоринео профессор; Б.Нұрпейіс өнертану докторы, профессор; М.Жақсылықова өнертану кандидаты, доцент; З.Исламбаева өнертану кандидаты, доцент; А.Еркебай өнертану кандидаты, доцент; өнертанушылар А.Ғалымжанова өнертану докторы, профессор; С.Шкляева өнертану кандидаты, доцент; О.Батурина өнертану кандидаты, профессор; Труспекова Х.Х., өнертану кандидаты, доцент, Шарипова Д.С., өнертану кандидаты,  Қ.Оразқұлова философия ғылымдарының кандидаты, профессор, М.Мұсаханова тарих ғылымдарының кандидаты, профессор,  т.б.

     Факультетте 3 ғылым докторы, 5 PhD, 14 профессор, 20 доцент, 12 ғылым кандидаты, 1 Мемлекеттік сыйлықтың иегері, 4 Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, 11 Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының, 3 Кинематографистер Одағының, 3 суретшілер Одағының мүшелері  сабақ береді.

     Соңғы жылдары «Өнертану» факультеті халықаралық деңгейде танылып келеді. Факультеттің көптеген студенттері мен түлектері студенттік шығармашылық «Жігер», «Шабыт», халықаралық «Евразия», «Шәкен жұлдыздары», «Бастау» және басқа  фестивальдердің лауераттары атанды.

       Жыл сайын факультеттің халықаралық ғылыми және шығармашылық: ВГИК, ГИТИС, РГТУ; Третьяков галереясымен, ММУ-мен, Эрмитаж мұражайымен, Ташкент қаласының Өнертану институтымен, Голландияның Роттердам кинофестиваль орталығымен, «Киномәдениет» интернет-журналының американдық кинотанушыларымен, сол сияқты, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайымен, «Қазақфильм» кинокомпаниясымен,  Алматы Кино үйімен, «Шәкен жүлдыздары» Халықаралық фестиваль орталығымен, Кино-фотоқұжаттар мемлекеттік архивімен және  Қазақстандағы барлық театр және көркемөнер мекемелерімен байланыстары кеңейіп келеді. БҰҰ-мен қатынас жасау дамуда.

        Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның жоғары оқу орнынан кейінгі  магистратура мен докторантурасында педагогикалық және ғылыми қызметтер бойынша мамандар даярлау жаңа бағдарламалар негізінде, ұлттық білім беру концепциясымен  және Болондық Конвенциялар бойынша жүргізіледі, бұл факультеттің болашақтағы шығармашылық және ғылыми өсуінің бастамасы болып табылады. Факультеттің бітірушілері театрларда, мұражайларда, галереяларда, баспаларда, ғылыми-зерттеу институттарында және өнер жоғары оқу орындарында, кино мен телевидения салаларында жұмыс істейді.

     Факультеттің перспективалық жоспарында халықаралық байланыстарды одан әрі жалғастыру, ҚР ғылыми және шығармашылық  ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жасауды тереңдету көзделіп  отыр.

Байланыс:

050000, г.Алматы, ул.Панфилова, 127

onertanu2014@mail.ru 

+7 727 261 62 81 (деканат)