«Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер» кафедасы

Кафедра туралы ақпарат
«Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер» кафедрасы аудиовизуалды өнер, аудиоөндіріс, операторлық өнер, фотоөнер және телевидение салалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады. Кафедра қызметі кино, телевизия, фото және аудиоиндустрияның заманауи талаптарын ескере отырып, білім алушылардың кәсіби, шығармашылық, техникалық және зерттеушілік құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
Білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бакалавриаттың келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:
• 6В02182 «Аудиоөндіріс»
• 6B02116 «Операторлық өнер»
• 6B02129 «Фотоөнер».
Кафедрада 14 штаттық оқытушы бекітілген, оның ішінде: PhD – 3, өнертану магистрлері – 8.
Кафедраның мақсаттары
Кафедраның негізгі мақсаты — қазіргі медиакеңістікте шығармашылық, техникалық, зерттеушілік және өндірістік міндеттерді жүзеге асыра алатын звук режиссурасы, операторлық өнер, фотоөнер және аудиовизуалды өндіріс салаларындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.
Кафедра іргелі теориялық дайындықты, заманауи технологияларды практикалық тұрғыда меңгеруді, авторлық ойлауды дамытуды және болашақ мамандардың кәсіби жауапкершілігін қалыптастыруды ұштастыратын, сондай-ақ барлық білім алушылар үшін қолжетімді, қолдаушы және тең құқықты білім беру ортасын құруға бағытталған инклюзивті білім беру қағидаттарын ескеретін сапалы көркемдік-кәсіби білім беруді қамтамасыз етуге ұмтылады.
Білім беру міндеттері
Кафедраның білім беру қызметі білім алушылардың дыбыс жазу, дыбыстық дизайн, аудиомонтаж, дыбысты өңдеу және сведение, мастеринг, операторлық шеберлік, фотосурет өнері, жарық техникасы, композиция, телевизиялық және цифрлық технологиялар салаларындағы кәсіби білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Кафедра білім алушылардың аудио және бейнетехникамен, студиялық жабдықтармен, цифрлық жұмыс станцияларымен, түсіру техникасымен, жарықтандыру құралдарымен және постөндірістік бағдарламалық құралдармен жұмыс істеудің заманауи әдістерін меңгеруін қамтамасыз етеді.
Маңызды міндеттердің бірі — студенттердің көркемдік талғамын, кәсіби есту қабілетін, визуалды ойлауын, аналитикалық қабілеттерін, командалық жұмыс дағдыларын және нақты өндірістік үдеріс жағдайында дербес шығармашылық шешім қабылдау қабілетін дамыту.
Кафедра сондай-ақ білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартуға, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге, инновациялық білім беру технологияларын, практикаға бағытталған тапсырмаларды және жобалық оқытуды енгізуге ерекше көңіл бөледі.
Ғылыми-зерттеу міндеттері
Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметі звук режиссурасы, кино және телеоператорлық өнер, фотосурет өнері, акустика, цифрлық технологиялар, медиакоммуникациялар және аудиовизуалды мәдениет салаларындағы өзекті мәселелерді зерттеуге бағытталған.
Кафедра студиялар мен залдар акустикасы, фонограммаларды сыни тыңдау, кеңістіктік дыбыс, дыбыс жазудың заманауи технологиялары, кадрдың визуалды мәнерлілігі, операторлық шешімдер, фотокомпозиция, жарық драматургиясы, цифрлық медиаөндіріс, сондай-ақ аудиовизуалды өнер, аудиоөндіріс, фотосурет өнері және экрандық медиа салаларында жасанды интеллект технологияларын зерттеу және қолдану бағыттарымен байланысты ғылыми-зерттеу салаларын дамытады.
Кафедраның маңызды міндеттерінің бірі — білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, баяндамалар, мақалалар, шығармашылық-зерттеу жобаларын дайындау, конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға және кәсіби талқылауларға қатыстыру.
Шығармашылық-өндірістік міндеттер
Кафедра білім алушылардың практикалық дайындығын шығармашылық, оқу-өндірістік және дипломдық жобаларды орындау арқылы қамтамасыз етеді. Аудиовизуалды туындылар жасауға, дыбысты жазу және өңдеуге, фильмдер, телевизиялық жобалар, фотосессиялар, музыкалық және мультимедиялық жұмыстар түсіруге ерекше көңіл бөлінеді.
Кафедраның шығармашылық-өндірістік міндеттері студияда, түсіру алаңында, концерттік және театрлық кеңістіктерде, көшпелі жазба жағдайында, телевизиялық өндірісте және цифрлық постпродакшнда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Кафедра білім алушылардың шығармашылық топ құрамында жұмыс істеу, режиссермен, оператормен, звук режиссерімен, продюсермен, суретшімен, монтаждаушымен, орындаушылармен және техникалық мамандармен өзара әрекеттесу қабілетін қалыптастырады.
Индустриялық және серіктестік міндеттер
Кафедра білім беру мен кәсіби индустрия арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Маңызды бағыттардың бірі — киностудиялармен, телекомпаниялармен, дыбыс жазу студияларымен, продакшн-компаниялармен, фотостудиялармен, театрлармен, концерттік ұйымдармен, медиаплатформалармен және бейінді кәсіби бірлестіктермен ынтымақтастық орнату.
Кафедра білім беру үдерісіне практик мамандарды, жұмыс берушілерді және индустрия өкілдерін тартуға, мастер-кластар, шығармашылық кездесулер, өндірістік практикалар, тағылымдамалар және бірлескен жобалар ұйымдастыруға ұмтылады.
Индустриялық серіктестік білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзектендіруге, еңбек нарығының заманауи талаптарын ескеруге және түлектердің кәсіби бейімделуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-мәдени міндеттер
Кафедра ұлттық аудиовизуалды мәдениетті дамытуға, шығармашыл жастарды қолдауға, мәдени мұраны кино, телевизия, фото және аудиоөндірістің заманауи формалары арқылы сақтауға және насихаттауға үлес қосады.
Кафедраның әлеуметтік-мәдени миссиясы жоғары кәсіби этикаға, азаматтық жауапкершілікке, мәдени әртүрлілікке, ұлттық дәстүрлерге және қазіргі көркемдік үдерістерге құрметпен қарайтын мамандарды тәрбиелеуден тұрады.
Кафедра білім алушылардың даралығын, кәсіби мәдениетін, коммуникативтік дағдыларын, әлеуметтік жауапкершілігін және қоғам үшін маңызды көркемдік және медиажобалар жасау қабілетін дамытатын шығармашылық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Іздеу
Хабарландырулар

07.10.2026

29.09.2026

