• 20.05.2022

“Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер” кафедасы

  • ҚазҰӨА
  • “Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер” кафедасы

Оқытушылар құрамы

Білім беру бағдарламалары

«Дыбыс режиссурасы  және операторлық өнер» кафедрасының тарихы 1994 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да «Операторлық өнер» мамандығының ашылуынан басталды. Алғашқы оқытушылар Қазақстанда операторлық шеберліктің оқыту әдістемесінің негізін қалаушы, «Қазақфильм» киностудиясының алдыңғы қатардағы кинооператорлары, БМКИ /ВГИК/ түлектері – Абильтай  Кастеев пен Энуар Даулбаев болды. 1998 жылы «Дыбыс режиссурасы» мамандығы ашылып, оның негізін қалаушылар дыбыс режиссерлер Байгарин А.К. мен Мырзашева А.Т.  болып табылады. Олар дыбыс режиссурасын оқыту  әдістемесін әзірлеуге, мамандандыру пәндері бойынша типтік және жұмыс бағдарламаларын құруға айтарлықтай үлес қосты.

 Әр кезде  кафедраның білім беру процесінің дамуына кәсіби қызметі Қазақстанда және шетелде жоғары бағаланған педагогтар баға жетпес үлес қосты: кинооператорлар А.И. Нилов, С. Махмут,  А. К.Сүлеев, Б. К. Сүлеев, Г.Л. Ройтман және дыбыс режиссерлар Байгарин А.К., Баятаков М.А., Высочанский С.Ф., Мамбетов А.А., Кусенов Е. К.

Қазіргі кезде кафедра «Аудио өндіріс» және «Операторлық өнер» білім беру бағдарламалары бойынша дайындықты жүзеге асыруда. Кафедрада дыбыс режиссерлар: Влазнев А.А., Белов В.В., Байтанаев А.С. және кинооператорлар: Косай Р. К., Пшенаева Э. Б., Шляпников А.В. сияқты тәжірибелі мамандар жұмыс істейді, сонымен қатар өнертану кандидаты Мурсалимова Г.А., еңбек сіңірген өнер қайраткері, кинодраматург Соловьева М.В., PhD Мұсахан Д.Е. Кафедраның меңгерушісі Мырзашева А.Т.

Кафедра «Аудио өндіріс» және «Операторлық өнер» білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін аудиториялармен, дыбыс жазу студияларымен, түсірілім павильондарымен және заманауи оқу жабдықтарымен  қамтамассыз етілген.

Приемная комиссия