• 21.11.2024

«Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасы

  • ҚазҰӨА
  • «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасы
Білім беру бағдарламалары
Оқутышылар құрамы

 «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында, «Театр өнері» факультетінің бітіруші кафедрасы болып саналады. Ол  білім берудегі кәсіби дайындығының негізін 1933 жылдың 20 қыркүйегіндегі НарКомпросс қабылдаған  қаулыға байланысты, яғни Қазақтың Мемлекеттік театрында актер шеберлігі бойынша  ұйымдастырылған оқудан басталады. Кафедра  1955  жылы Алматы мемлекеттік өнер институтының жанынан театр бөлімі  ашылған кезде ұйымдастырылды.

   Театр факультетінің аға буын профессорлары А.Тоқпанов, Р.Қаныбаева, Х.Бөкеева, Ш.Жандарбекова, А.Мадиевский, Г.Жанысбаева, Ә.Мәмбетов, Г.Рутковская, Ы.Ноғайбаев, Н.Жантөрин, К.Кенжетаевтар Қазақстан дәстүрлі театр мектебінің негізін қалаушылар болды. 
Қазақстан театрларының сахнасында сан алуан характерлерді сомдаған Т.Жаманқұлов, Р.Машурова, Ж.Хаджиев, А.Рахимов, Р.Андрясян, Н.Жакыпбай, Б.Атабаев, Т.Омаров,Т.Наурызбаева, Т.Мейрамов, Г.Аспетова, А.Ашимов, Ж.Мейрамова сынды көрнекті әртістеріміз жаңа буын актерлер мен режиссерлерді тәрбиелеуде үлкен үлес қосты.

   Театрда жұмыс жасаған тәжірибелі оқытушылармен бірге факультеттің ең үздік түлектері Ә.Сығай, Т.Наурызбаева (актер шеберлігі), Р.Машурова (актер шеберлігі) дәріс бере бастады. Бүгінгі күні олардың ұстаздық, шығармашылық және ғылыми-әдістемелік тәжірибелері театр факультетінің мақтанышына айналып отыр.

   Кафедра түлектері Қазақстанда (Талдықорған, Павлодар, Астана, Қостанай, Петропавловск, Орал, Атырау, Арқалық, Ақтау), Қырғызстанда, Қытай Халық республикасында, Өзбекстанда жаңадан ашылған театрлардың актерлер труппасының негізін қалауда.
Р.Қаныбаева, Ә.Сығай, М.Байсеркеұлы, А.Ашимов, Р.Машурова,  Е.Обаев, Т.Жаманқұлов, О.Кенебаев,  әдістемелік еңбектері мен мақалаларының театр педагогикасының тарихы мен теориясына қосқан үлесі мол.

   1997 жылы театр факультетінде «Мен» атты жастардың экспериментальды театры ашылды. Театр негізін қалаушы ҚР өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, доцент Н.Жақыпбай.
Кафедра  курс жетекшілері Т.Наурызбаева, К.Кенжетаев, Е.Сегізбаев, Р.Машурова, Е.Обаев, Т.Өмірзақов, Т.Омаров, А.Рахимов, Н.Жақыпбай  түлектерінің арқасында 1995 жылы  Ш.Құсаинов атындағы  Көкшетау музыкалық драма театры, 1996 жылы Арқалық музыкалық театры, 2000 жылы  С.Мұқанов атындағы Петропавл музыкалық драма театры, 2003 жылы  Н.Жантөрин атындағы Ақтау музыкалық драма театры, 2007 жылы Астана жастар театрлары ашылды.

   «Театр өнері» факультетінің «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасы ТМД және шет елдердің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен халықаралық байланысын үзген емес. Соңғы жылдары кафедрада алыс және жақын шет елдермен өзара педагогикалық –тәжірибелік, педагогтар, мамандар алмастырып, білім берудің үш деңгейлі дайындық: бакалавр, магистратура, докторантура бойынша   тәжірибе алмасуға жіберілуде. Ресейдің астанасы Москва қаласындағы Б.Щукин атындағы театр институтына, (Р.Машурованың жетекшілігімен), Туркияға театр фестиваліне (М.Байсеркеұлының жетекшілігімен) Е.Нуртазин факультет студенттерімен Кореядағы мюзикл фестиваліне, Н.Жақыпбай 4 курс студенттерімен Кореядағы жастар фестиваліне  барған сапарлар мен тәжірибе алмасулар нәтижелі дәстүрге айналды. «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасы  өзінің көп жылдық еңбек  жолында Қазақстан Республикасының театр өнеріне маңызды үлес қосты: көпшілігі белгілі актерлер мен режиссерлер, мәдениет және өнер мекемелерінің басшылары және еліміздің қалаларындағы оқытушылық қызметтерде жүрген мыңға жуық жоғарғы білімді мамандарды даярлап шығарды және шығаруда.

   1979 жылы Музыкалық драма театрының актерлерін дайындау басталды. Халық артисі К.Кенжетаев басқарған «Музыкалық комедия» кафедрасы ашылып, өзінің еңбекқорлығының арқасында  пікірлес ұжым құрды. П.Ильдаров, Р.Машурова, М.Жүніс, Г.Ғизатова, П.Дорохова, А.Сембин сынды ұстаздардың еңбегі мен музыкалық драма театры мамандарын дайындаудың әдістемелік негізі қаланды.

   1987 жылдан бастап кафедрада «Қуыршақ театрының актері» және «Қуыршақ театрының режиссері» мамандықтары бойынша мамандарды дайындау қолға алынды. Мамандарды дайындауды Н.Колесникова, А.Али-Айдарова, С.Мақұлбеков жүргізді.

   Педагогикалық қызметке белгілі режиссерлер Қаз ССР-нің  Халық артистері  Р.Андриясан, Е.Обаев, М.Байсеркеұлы өнер қайраткелері ,Н.Жақыпбай, А.Рахимов, Б.Атабаев, О.Ли, Я.Шамиев, М.Ахмановтар  шақырылды.

   Актер шеберлігінің негізгі еңбегі А.Тоқпанов, Р.Қаныбаева, Х.Бөкеева, Ш.Жандарбекова, Ә..Мәмбетов, М.Байсеркеұлы, Т.Наурызбаева, А.Ашимов, Е.Сегізбаев, Н.Жақыпбай, Р.Машурова, Т.Жаманқұлов, Т.Мейрамов, Т.Омаров, С.Мақұлбеков және басқалардың шығармашылық мектептерінің қалыптасуымен айқындалады.

   «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасы  100-ден аса лауреаттар, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздарын дайындады.

   Бүгінгі күні актер шеберлігі және режиссура кафедрасы театр мамандарын дайындайтын ТМД-дағы оқу орындары арасында құрметпен бағаланады. Театр өнерінің жас мамандарын дайындаудағы және кафедраның шығармашылық, әдістемелік және ғылыми-зерттеу еңбектері өнер әлемінде жоғары бағасын алып келеді. 

Приемная комиссия