“Анимация режиссурасы және интерактивті медиа” кафедрасы
Адай Құнанбайұлы Әбелдинов – кафедра меңгерушісі, философия докторы (PhD)
Кафедра туралы ақпарат
“Анимация режиссурасы және интерактивті медиа” кафедрасы білім беру деңгейі ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігі бекіткен Бакалавриат бойынша:
- 6В02115 – «Анимация режиссурасы»,
- 6B02180 – «Медиажурналистика»,
- 6B02196 – «Медиа және гейм технология» мемлекеттік стандартқа сәйкес жұмыс жасайды.
Кафедра бойынша 23 профессорлық-оқутышылық құрам бекітілген, оның ішінде штат бойынша 14 оқытушы, штаттан тыс 9 оқытушы бар, соның ішінде: PhD – 3, Педагогика ғылымдарының кандидаты – 1, Техника ғылымдарының кандидаты – 2, Филология ғылымдарының докторы – 1, өнертану ғылымдарының магистрі – 14;
Кафедра мақсаты
- Анимация режиссурасы, интерактивті медиа және ойын технологиялары салаларында кино, теледидар, интернет, ойын индустриясы мен XR-платформаларға арналған түпнұсқа контент жасай алатын жоғары білікті мамандарды даярлау.
- Анимация мен геймдев салаларында көркемдік дәстүрлер мен заманауи цифрлық құралдарды ұштастыруға негізделген ұлттық шығармашылық мектепті қалыптастыру.
- Экран өнері, жаңа медиа және креативті индустриялар салаларында зерттеу, технологиялық және инновациялық әлеуетті дамыту.
- Отандық анимация және ойын индустриясының дамуына ықпал ету, Қазақстанның мәдени құндылықтарын цифрлық шығармашылық арқылы насихаттау.
- Жылдам дамып келе жатқан цифрлық ортада жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды даярлау мақсатында білім беру, ғылым және индустрияны біріктіру.
Білім беру міндеттері:
- Анимация режиссурасы, интерактивті медиа, гейм-дизайн және XR-технологиялар бойынша заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу.
- Студенттердің сторителлинг, режиссура, анимация, ойын дизайны, интерактивті жобаларды бағдарламалау және жаңа технологияларды қолдану салаларында құзыреттілігін қалыптастыру.
- Түрлі цифрлық платформаларға сапалы контент жасай алатын білікті түлектерді даярлау.
Ғылыми-зерттеу міндеттері:
- Анимация, интерактивті медиа, гейм-технологиялар, VR/AR, XR және жасанды интеллект салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу.
- Цифрлық контентті дамытуға арналған жаңа оқыту әдістемелері мен креативті шешімдерді әзірлеу.
- Студенттер мен оқытушылардың ғылыми-шығармашылық жобаларын қолдау.
Шығармашылық-өндірістік міндеттер:
- Авторлық анимациялық фильмдер, ойындар, интерактивті және мультимедиялық жобалар жасау.
- Индустриямен серіктестікте студенттік және оқытушылық жобаларды жүзеге асыру.
- Ұлттық және халықаралық фестивальдерге, байқауларға, көрмелерге және гейм-джемдерге қатысу.
Индустриялық және серіктестік міндеттер:
- Алдыңғы қатарлы студиялармен, продакшн-компаниялармен, ойын және IT индустрияларымен ынтымақтастық орнату.
- Тәжірибеден өту, жұмысқа орналасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін серіктестік желісін дамыту.
- Ұлттық анимация мен ойын индустриясын креативті экономиканың маңызды бөлігі ретінде насихаттау.
Әлеуметтік-мәдени міндеттер:
- Цифрлық дәуірде Қазақстанның мәдени бірегейлігін қалыптастыра алатын шығармашылық көшбасшылар буынын тәрбиелеу.
- Анимация, интерактивті медиа және геймдев салаларындағы жастар бастамаларын қолдау.
- Қоғамның кең аудиториясын заманауи экран өнерінің түрлеріне тарту.
Білім беру бағдарламалары:
Іздеу
Хабарландырулар

03.11.2025




