• 28.04.2024

«Хореографиялық өнердің режиссурасы мен педагогикасы: дәстүрлер мен инновациялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Авторkaznai

Қыр 8, 2023

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Сіздерді 2023 жылы 27 қарашада өтетін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театры бірлескен Қазақ КСР халық әртісі Болат Аюхановты еске алуға арналған «Хореографиялық өнердің режиссурасы мен педагогикасы: дәстүрлер мен инновациялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз.:

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • 1. Болат Аюханов замандастар көзімен;
  • 2. Хореографиялық өнері мен білімнің өзекті мәселелері: тарих, теория, практика;
  • 3. Өнердегі пәнаралық зерттеулер: заманауи тәсілдер мен трендтер.

Қатысуға тарих, өнер теориясы және көркем сын саласында ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын балеттанушылар, театртанушылар, музыкатанушылар, өнертанушылар, ғалымдар, педагог-хореографтар, балетмейстерлер, ЖОО оқытушылары, мұражай мамандары, магистранттар, докторанттар, аспиранттар шақырылады. Конференция жұмысына тыңдаушылар ретінде жоғары оқу орындарының студенттері де қатыса алады.

Конференция аясында ғалымдар мен өнер қайраткерлерінің ғылыми баяндамаларымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театрының концерті жоспарланған.

Сонымен қатар, конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағын басып шығару жоспарлануда, жинаққа кітапхана индексі (ӘОЖ және ББК) және халықаралық стандартты кітап нөмірі (ISBN) беріледі.

Редакцияға өтініштер мен мақалалар 2023 жылдың 16 қазанына дейін хаттың тақырыбын «KazNAI Conference 2023» міндетті түрде көрсете отырып kaznai.ballet@gmail.com мекен-жайына ұсынылады:

МАҚАЛАНЫ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Мақалаға қойылатын талаптар — 1-қосымша. Өтініш нысаны — 2-қосымша.

Баяндамалары бар презентациялардың уақыты 7 минутқа дейін (+3 минут талқылау). Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияның өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., көш. Панфилов, 127, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Кинозал, Хореография факультетінің кабинет кешені.

  • Қатысу формалары: Offline / Online, Жеке / Сырттай
  • ZOOM конференция ID: 670 635 6048
  • Құпия сөз: 2022

Конференция басталуына дейін өтініштерге сәйкес қатысушыларға Іс-шаралар бағдарламасы мен Конференция кестесі жіберіледі.

Конференцияның салтанатты ашылуы 2023 жылғы 27 қазанда сағат 10.00-де Алматы қ., Панфилова көш., 127 (Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы, Алмалы метро станциясы) Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050000 Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Панфилов көш., 127, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы., Хореография факультеті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия