• 19.03.2024

«Компьютерлік технологиялар» кафедрасы

  • ҚазҰӨА
  • «Компьютерлік технологиялар» кафедрасы

Сатыбалдиева Феруза Әбубәкірқызы

кафедрасының меңгерушісі

толығырақ


«Компьютерлік технологиялар» кафедрасы ғылыми-педагогикалық қызметін 2017 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының дербес  құрылымдық бөлімше ретінде жұмыс істейді.


Компьютерлік технологиялар кафедрасының тарихы

Компьютерлік технологиялар кафедрасы 2017 жылы құрылды.

Бірінші және қазіргі меңгерушісі  Феруза Әбубәкірқызы Сатыбалдиева.

Кафедраның міндеті – бүкіл кәсіпорынның ақпараттық процестерін қамтитын ақпараттық және компьютерлік технологияларды құру дағдыларын меңгеруге, олардың толық жүйелілігіне, артықтығына және ашықтығына қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқу процесін жүйелі біліммен қамтамасыз ету. Деректерді талдаудың заманауи әдістерін, математикалық және ақпараттық графикалық модельдеуді, сондай-ақ осы әдістерді компьютерлік енгізуді зерттеу. Білім, ғылым және өндірістің кезең-кезеңімен интеграциялануына қол жеткізу. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру, халықаралық және республика ішілік ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету, қызметкерлердің кәсіби өсуін қамтамасыз ету, студенттердің ғылыми және практикалық қызметін қамтамасыз ету.

Кафедра IT және ART жүйелері саласындағы мамандарды дайындайды, 6В02180 – Медиа журналистика (бакалавриат) мамандығы бойынша кадрларды қабылдайды; 6В02196 – Медиа және ойын технологиясы (бакалавриат);

«Компьютерлік технологиялар» кафедрасының оқытушыларының ішінде 1 ғылым докторы және 6 ғылым кандидаты, 2 PhD, 4 магистр бар. Кафедра оқытушылары Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелер мен технологиялар саласындағы ірі мамандары болып табылады. Кафедрада 2 Болашақ бағдарламасының  түлегі жұмыс жасайды. 

Кафедра түлектері бұқаралық ақпарат құралдарында, коммерциялық ұйымдарда, ғылыми ұйымдарда, оқу орындарын қоса алғанда, кез келген дерлік ұйымдарда БАҚ және деректер журналистері, SMM менеджерлері, бағдарламашылар, веб-әзірлеушілер, желі және деректер базасының әкімшісі болып жұмыс істей алады.

МИССИЯ

Кафедраның миссиясы ғылыми және білім беру қызметінің шекарасын үнемі кеңейту, ақпараттық жүйелер саласында ең жаңашыл кадрларды даярлау болып табылады.


«Компьютерлік технологиялар» кафедрасы ғылыми-педагогикалық қызметін 2017 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының дербес   құрылымдық бөлімше ретінде жұмыс істейді.

Кафедра құрамында жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, олардың ішінде:

  • Сатыбалдиева Ф.А. –  «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының меңгерушісі;
  • Алтекова И.С. –  «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының магистр, аға оқытушы;
  • Ауезбаева Т.Е. –  «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының ф.м.ғ.к., аға оқытушы;
  •  Самбетова А.А. – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының ф.м.ғ.к, аға оқытушы;
  • Тойкенов Г. Ч. – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының  ф.м.ғ.к., доцент;
  •  Рамазан А.Ә. – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының  филология ғ.д. доцент;
  •  Сарибаев С.С.  – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының  т.ғ.к. аға оқытушы;
  •  Алимжанова А.Б. – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының  PhD, аға оқытушы;
  •  Есенбекова Г.Ж. – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының  ф.м.ғ.к., доцент;
  •  Жумангалиева Н.К. – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының  магистр, оқытушы;
  •  Бисенова Н.Ж. – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының   магистр, оқытушы;
  • Сарыбай М.Ә. – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының магистр, аға оқытушы;
  •  Төреханқызы Ж – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының магистр, оқытушы;
  •  Уалихан Г.А. – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының аға лаборанты.

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Компьютерлік технологиялар» кафедрасы  Медиажурналистика, Медиа және Гейм технология саласы бойынша мамандар дайындады, олар БАҚ-та, өндірісте, баспаларда, гейм өндірістерде  республикамыздың орта және жоғары оқу орындарында, алыс және жақын шетелдік білім беру мекемелерінде қызмет атқарады.

Кафедра оқытушылары өздерінің белсенді халықаралық байланыстары нәтижесінде студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігі үшін әлемдік алдыңғы қатарлы ғылым орталықтары мен университеттерінде студенттерге 1-2 семестр оқуға мүмкіндіктер жасайды.

2021-2022 оқу жылында  «В029 – Аудиовизуалды өнер  және медиа өндіріс – 6В02180- Медиажурналистика»  білім беру бағдарламасының «Журналистикаға кіріспе»  пәні бойынша Республикалық  Пәндік Олимпиадасыны бойынша 4 курс   студенті Өтебаева Ұлжалғас, 2 курс студенті Мауленбай Аружан  1 орын иегерлі атанды.     

«Ұлы Абайдың 175  жылыдығы» байқауының 1 орын ие болғаны үшін Сәдуақас Шаттық Серікқалиқызы марапатталады

2019-20 о.ж. «Медиажурналистика» мамандығы бойынша 3 курс студенттері Қадыр Диана, Мұратова Алина      Финляндия, Oulu university of Applied Sciences университетінде білім алып келді.

2021-2022 о.ж. «Темирбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер  академиясына «Компьютерлік технологиялар» кафедрасының  «Медиажурналистика» мамандығына Финляндия, Oulu university of Applied Sciences университетінен Sami Aspelund студенті білім алуға келді.

2021-2022 о.ж. «Медиажурналистика» мамандығы бойынша  4 курс студенті Сәндібаева Әсем Польша еліндегі Ян Матейко өнер академиясында білім алып келді.

2022-2023 о.ж. «Медиажурналистика» мамандығы бойынша  3 курс студенті Садуахас Шаттық және «Медиажурналистика» мамандығы бойынша  2 курс студенттері Үсен Сара,  Күнтуған Жарас Стамбул (Түркия) қаласындағы Айдын университетінен  академиялық ұтқырлық  бағдарлама бойынша білім алмасып келді.

2023-2024 о.ж. «Медиажурналистика» мамандығы бойынша  3 курс студенті Изтаев Нұршат және Мұсабекова Аружан Latvian Academy of Culture университетіне академиялық ұтқырлық  бағдарламасы бойынша білі алуға кетті.

 Кафедра оқытушылары мен студенттері әрдайым мамандығы және шет тілі бойынша білімдерін жақсартуда.

Оқу жылының барысында «Компьютерлік технология» кафедрасының меңгерушісі Сатыбалдиева Феруза Әбубәкірқызы және  аға оқытушысы Сарыбай Мадина кафедрада шетелдік университеттің ғалымдары журналистика, қоғаммен байланыс, ІТ, медиа және графикалық  дизайн бағыттары бойынша дәрістер оқиды және шеберлік сыныптарын жүргізеді.

2021 жылыдың 29.11.2021 – 3.12.2021 «Компьютерлік технология» кафедрасының меңгерушісі Сатыбалдиева Феруза Әбубәкірқызы  ERASMUS+ бағадарламасы бойынша Oulu University of Applied Sciences университетінде  ұтқырлық бағдарламасынан өтті.

2021-2022 о.ж. «Компьютерлік технология» кафедрасының меңгерушісі Сатыбалдиева Феруза Әбубәкірқызы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Los Angeles, California штаты штатында  «New York Film Academy» академиясында білімін шыңдап, іс тәжірибе алмасты.

2021-2022 о.ж. «Компьютерлік технология» кафедрасының PhD, аға оқытушы Алимжанова Айкерим Болатқызы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Нью йорк қаласында білімін шыңдап келді.

2022-2023 оқу жылдары  «Компьютерлік технология» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Сарыбай Мадина Абудукуркызы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Los Angeles, California  штатында  «New York Film Academy» академиясында білімін шыңдады.

Біздің біршама  студенттеріміз ғылыми жұмыспен айналысады және студенттер осы жұмыстары үшін төлемақы алады. Студенттерге ғылыми мәлімдемелерімен шетелде ғылыми конференцияларға, халықаралық олимпиадаларға барып қатысуға жағдай жасалған. Бітірген түлектер 100 пайыз жұмыспен қамтамасыз етілген.

         Практика базасы : «Қазақ радиолары» ЖШС, АО РТРК «Qazaqstan» телерадио корпорациясы, “ALMATY” ТЕЛЕРАДИОКОМПАНИЯСЫ” АҚ өтеді.

Приемная комиссия