• 10.12.2022

«Компьютерлік технологиялар» кафедрасы

  • ҚазҰӨА
  • «Компьютерлік технологиялар» кафедрасы

Сатыбалдиева Феруза Әбубәкірқызы

кафедрасының меңгерушісі


«Компьютерлік технологиялар» кафедрасы ғылыми-педагогикалық қызметін 2017 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының дербес   құрылымдық бөлімше ретінде жұмыс істейді.


Кафедра құрамында жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, олардың ішінде:

  • – Сатыбалдиева Ф.А. –  «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының меңгерушісі;
  • – Алтекова И.С. –  «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының магистр, аға оқытушы;
  • –Ауезбаева Т.Е. –  «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының ф.м.ғ.к., аға оқытушы;
  • – Култас А.К. – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының магистр, аға оқытушы;
  • –  Самбетова А.А. – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының ф.м.ғ.к, аға оқытушы;
  • – Тойкенов Г. Ч. – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының  ф.м.ғ.к., доцент;
  • –  Рамазан А.Ә. – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының  филология ғ.д. доцент;
  • – Сарибаев С.С.  – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының  т.ғ.к. аға оқытушы;
  •  – Алимжанова А.Б. – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының  PhD, аға оқытушы;
  • – Есенбекова Г.Ж. – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының  ф.м.ғ.к., доцент;
  • – Жумангалиева Н.К. – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының  магистр, оқытушы;
  • – Бисенова Н.Ж. – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының   магистр, оқытушы;
  • – Сарыбай М.Ә. – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының магистр, аға оқытушы;
  • – Уалихан Г.А. – «Компьютерлік технологиялар»   кафедрасының аға лаборанты.

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Компьютерлік технологиялар» кафедрасы  Медиажурналистика саласы бойынша мамандар дайындады, олар БАҚ-та, өндірісте, баспаларда, республикамыздың орта және жоғары оқу орындарында, алыс және жақын шетелдік білім беру мекемелерінде қызмет атқарады.

Кафедра оқытушылары өздерінің белсенді халықаралық байланыстары нәтижесінде студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігі үшін әлемдік алдыңғы қатарлы ғылым орталықтары мен университеттерінде студенттерге 1-2 семестр оқуға мүмкіндіктер жасайды.

2021-2022 оқу жылында  «В029 – Аудиовизуалды өнер  және медиа өндіріс – 6В02180- Медиажурналистика»  білім беру бағдарламасының «Журналистикаға кіріспе»  пәні бойынша Республикалық  Пәндік Олимпиадасыны бойынша 4 курс   студенті Өтебаева Ұлжалғас, 2 курс студенті Мауленбай Аружан  1 орын иегерлі атанды.     

«Ұлы Абайдың 175  жылыдығы» байқауының 1 орын ие болғаны үшін Сәдуақас Шаттық Серікқалиқызы марапатталады.

2019-20 о.ж. «Медиажурналистика» мамандығы бойынша 3 курс студенттері Қадыр Диана, Мұратова Алина      Финляндия, Oulu university of Applied Sciences университетінде білім алып келді.

2021-2022 о.ж. «Темирбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер  академиясына «Компьютерлік технологиялар» кафедрасының  «Медиажурналистика» мамандығына Финляндия, Oulu university of Applied Sciences университетінен Sami Aspelund студенті білім алуға келді.

2021-2022 о.ж. «Медиажурналистика» мамандығы бойынша  4 курс студенті Сәндібаева Әсем Польша еліндегі Ян Матейко өнер академиясында білім алып келді.

 Кафедра оқытушылары мен студенттері әрдайым мамандығы және шет тілі бойынша білімдерін жақсартуда.

Оқу жылының барысында «Компьютерлік технология» кафедрасының меңгерушісі Сатыбалдиева Феруза Әбубәкірқызы және  аға оқытушысы Сарыбай Мадина кафедрада шетелдік университеттің ғалымдары журналистика, қоғаммен байланыс, ІТ, медиа және графикалық  дизайн бағыттары бойынша дәрістер оқиды және шеберлік сыныптарын жүргізеді.

2021 жылыдың 29.11.2021 – 3.12.2021 «Компьютерлік технология» кафедрасының меңгерушісі Сатыбалдиева Феруза Әбубәкірқызы  ERASMUS+ бағадарламасы бойынша Oulu University of Applied Sciences университетінде  ұтқырлық бағдарламасынан өтті.

2021-2022 о.ж. «Компьютерлік технология» кафедрасының меңгерушісі Сатыбалдиева Феруза Әбубәкірқызы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Los Angeles, California штаты штатында  «New York Film Academy» академиясында білімін шыңдап, іс тәжірибе алмасты.

2021-2022 о.ж. «Компьютерлік технология» кафедрасының PhD, аға оқытушы Алимжанова Айкерим Болатқызы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Нью йорк қаласында білімін шыңдап келді.

2022-2023 оқу жылдары  «Компьютерлік технология» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Сарыбай Мадина Абудукуркызы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Los Angeles, California  штатында  «New York Film Academy» академиясында білімін шыңдауда.

Біздің біршама  студенттеріміз ғылыми жұмыспен айналысады және студенттер осы жұмыстары үшін төлемақы алады. Студенттерге ғылыми мәлімдемелерімен шетелде ғылыми конференцияларға, халықаралық олимпиадаларға барып қатысуға жағдай жасалған. Бітірген түлектер 90 пайыз жұмыспен қамтамасыз етілген.

         Практика базасы : «Қазақ радиолары» ЖШС, АО РТРК «Qazaqstan» телерадио корпорациясы, “ALMATY” ТЕЛЕРАДИОКОМПАНИЯСЫ” АҚ өтеді.

Приемная комиссия