• 19.04.2024

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі

«ULY DALA JASTARY»

АТТЫ V ЖАС ХОРЕОГРАФТАР

БАЙҚАУЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

Байқауды өткізу форматы: оффлайн

Ережесі

Өтініш үлгісі

2023 жылдың 12 қаңтарда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультеті әлеуетті үміткерлерді қабылдау мақсатында «Uly Dala Jastary» атты V жас хореографтар байқауын өткізеді. Байқаудың ерекшелігі — байқау жеңімпаздары — 1 дәрежелі лауреаттар — Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-на (ҰБТ нәтижесімен) шығармашылық емтихан тапсырмай түседі.

Байқаудың мақсаты — Қазақстан Республикасының жас хореографтары мен оқытушыларының шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту, үміткерлер арасында кәсіби бағдарлауды дамыту және т. б.

Ұйымдастыру комитеті Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректорының бұйрығымен бекітіледі және әділ қазылар алқасының мүшелері Қазақстан хореографиясының көрнекті қайраткерлері.

Байқауға Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінен әлеуетті үміткерлер қатыса алады. Ол үшін сіз байқаудың ЕРЕЖЕСІМЕН мұқият танысып, ӨТІНІМДІ толығымен толтырып https://kaznai.kz/ , хореография факультетінің kaznai_ulydalajastary@mail.ru электронды поштасына «2023 хореографтар байқауына өтінім» хатының тақырыбын МІНДЕТТІ түрде белгілеп жіберуіңіз керек. Осы хатқа сіз MP3 форматында байқаудық композицияның музыкасын және бейнеге сілтеме қоса беруіңіз керек.

Байқауға ұсынылған ең жақсы жұмыстардың авторлары хореография факультеті мен академиядан Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-на түсуге жолдама алады.

Үміткерлер бойынша өтінімдер мен материалдар Ұйымдастыру комитетіне 2023 жылдың 8 қаңтарға дейін (қоса алғанда) беріледі. Осы мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер, себептеріне қарамастан, қарастырылмайды және байқауға қатыспайды.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050000; Алматы қ., Панфилов көш., 127, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, хореография факультеті

Қосымша ақпарат алу үшін:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия