• 22.12.2024

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызметінің ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризм, діни ағым идеологиясы таралуының алдын алу жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.

Академияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызмет басшысы Әскербек Әбдірахманұлы Әнуар бұл дәрістің мақсатын түсіндіріп берді:
–Бүгінгі дәрісте антитеррорға қарсы оқиғалардың алдын алу және кездейсоқ жағдай орын алғанда әрекет ету қағидаларын арнайы студенттерге түсіндіретін боламыз, – деді. Сондай-ақ, Студенттерге діни теріс ағымдардан келетін қауіп-қатерлер кең көлемде түсіндіріліп, теріс діни сенімдердің торына байланбай, әр нәрсеге сыншыл санамен қарайтын, жан-жақты білім алуға ұмтылу қажеттігі айтылды.

Әскербек Әбдірахманұлының сөз сөйлеуінен кейін, студенттерге антитеррорға байланысты, теріс діни ағымдардан алдын алу үшін негізгі талаптар ҰҚК осы тақырыпқа арнап түсірген бейнеролик көрсетумен жеткізілді. Көрсетілген бейнеролик студенттердің қызығушылығын тудырып, қатысушылар өз ой-пікірлерін және ұсыныстарымен бөлісті.

Қазіргі уақытта теріс діни ағымның арбауына түскен азаматтардың саны күн санап артып барады. Сол себепті бұл қауіптің алдын алу, теріс діни ағымдармен күресу – қоғам алдындағы негізгі міндет болып табылады. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, профилактикалық жұмыстардың басым бөлігі студент-жастармен өткізіледі.

Приемная комиссия