«КӨРМЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРДЫ САҚТАУ» БӨЛІМІ
«Көрмелерді ұйымдастыру және шығармашылық туындыларды сақтау» бөлімі оқытушылар мен студенттердің және шетелдік әріптестеріміздің шығармашылығын насихаттауға бағытталған.
Галереяға келушілер белгілі суретшілер мен алыс-жақын шетелдік қолданбалы өнер шеберлерінің және жыл сайынғы студенттердің халықаралық пленэрлік сапарларының нәтижесі мен бітіуші түлектердің дипломдық жұмыстарын тамашалайды.
Академияның көрме ұйымдастыру қызметі біздің студенттердің көзқарасын кеңейтуге ықпал жасайды, сонымен қатар олардың өнертанушылық қабілеттерін, яғни, кәсіби стилін және көркемдік талғамын арттыруға көмектесіп, студенттердің білім деңгейін көтеруге оң әсерін тигізеді.
«Көрмелерді ұйымдастыру және шығармашылық туындыларды сақтау» бөлімі – академиядағы көркем шығармаларды жинақтау, сақтау, жүйелеу және оларды кеңінен насихаттаумен айналысатын құрылымдық бөлімдердің бірі. Бөлімнің негізгі қызметі – академия студенттерінің дипломдық және шығармашылық жұмыстарын қабылдау, есепке алу, арнайы қорда сақтау және оларды мәдени-танымдық мақсатта пайдалану болып табылады.
Бөлім академияның шығармашылық өміріне белсенді қатысып, түрлі көркемсурет көрмелерін, тақырыптық экспозицияларды, мерейтойлық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады. Сонымен қатар академияның қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан белгілі суретшілердің шығармашылығын насихаттауға, студенттердің эстетикалық талғамын дамытуға, олардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізеді.
Бөлім өз қызметі барысында академияның құрылымдық бөлімшелерімен, оқытушыларымен, студенттерімен, сондай-ақ мәдениет мекемелерімен, галереялармен және шығармашылық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бірлескен жобалар мен көрмелер ұйымдастыру арқылы академияның мәдени-шығармашылық әлеуетін дамытуға және бейнелеу өнерін кеңінен танытуға үлес қосады.
Сонымен қатар бөлім шығармашылық туындыларды сақтау талаптарының орындалуын қамтамасыз етіп, оларды ғылыми, мәдени және білім беру мақсаттарында тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Бөлім қызметі академияның көркемдік мұрасын сақтауға, шығармашылық жетістіктерін насихаттауға және жас суретшілердің өнерін кең аудиторияға таныстыруға бағытталған.
Search
Announcements

17.04.2026




