Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
Кафедра атауы | Кафедра меңгерушісі | Профессор | Доцент | Аға оқытушы | Оқытушы |
Көркемсурет | – | – | 1 (кескіндеме) – ғылыми дәрежесі бар, қазақ, орыс тілдерінде | – | – |
Компьютерлік технологиялар | – | – | – | – | 1 (гейм-дизайн) – қазақ, орыс тілдерінде |
Профессор–оқытушы құрамының лауазымдарына орналасуға арналған конкурс ҚР МАМ «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.
Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:
- Кафедра меңгерушісінде жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары, білім менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы сертификаттың (куәлік) болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
- Профессорда жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және профессор/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы және профессор/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы немесе профессор/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, соның ішінде доцент лауазымында кемінде 5 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
- Доцентте жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі немесе қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, соның ішінде аға оқытушы лауазымында кемінде 5 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
- Аға оқытушыда жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, оқытушы лауазымында кемінде үздіксіз 3 жыл жұмыс өтілі дәріс оқуға үміткер тұлғалар үшін, кемінде 5 жыл семинарлар өткізумен айналысатын тұлғалар үшін немесе кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша тәжірибелік (шығармашылық) жұмыс өтілі кемінде 7 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
- Оқытушыда кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болған жоғары білімі және/немесе магистр академиялық дәрежесі, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
Конкурсқа қатысушының білімі, ғылыми және академиялық дәрежесі, жұмыс өтілі кафедра/білім беру бағдарламасының бейініне (оқытылатын пәнге) сәйкес келуі міндетті.
Артықшылықтар ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе құрмет атағы (ҚР мемлекеттік марапаттары) барларға, ағылшын тілін меңгергендерге, алыс шетел университеттерінде оқытушылық тәжірибесі барларға, оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жұмыс негіздерін меңгергендерге беріледі.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар Академия ректорының атына өтініш жазады. Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:
- конкурсқа қатысушы өзі толтырған, тұрғылықты мекенжайын, байланыс телефондарын (үй, жұмыс, ұялы телефондары) және электронды мекенжайын көрсеткен кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы (фотосуретімен).
Жеке парақтағы еңбек қызметі жайындағы ақпарат конкурсқа қатысушының еңбек өтілін дәлелдейтін құжатқа сәйкес толтырылады. Конкурсқа қатысушының жеке парағында көрсетілген еңбек қызметі конкурсқа қатысушының еңбек өтілін дәлелдейтін құжатпен сәйкес келмейтін болса, онда құжатта келтірілген ақпараттар ескерілетін болады;
- өмірбаян;
- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және соңғы 3 (үш) жылдағы салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
- конкурсқа қатысушының соңғы жасаған жұмыс орнының уәкілетті тұлғасының қолымен және ұйымның мөрімен расталған (болған жағдайда), Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын №2 – қосымшаға (бұдан әрі мәтін бойынша – №2 – қосымша) сәйкес толтырылған ғылыми, оқу-әдістемелік және шығармашылық жұмыстарының тізімі;
- мекеме басшысы қол қойған мінездеме;
- конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорография суреті бар жеке медициналық кітапша;
- тіркелген жері бойынша (Алматы қаласы немесе Алматы облысының жақын жатқан аудандары) ҚІБ мөртабаны бар әскери билеттің (тіркеу куәлігінің) көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
- қоса атқарушылар үшін негізгі жұмыс орнынан анықтама;
- еңбек кітапшасы;
- кафедра меңгерушісі лауазымына үміткер кандидаттар үшін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ақпараттық жүйелері арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
- соттылығы жоқ туралы анықтама;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- оқу-әдістемелік құжаттама (хабарландыруда көрсетілген пәндерге сәйкес силлабус).
Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамада ұсынылғанда немесе өтініштерді беру мерзімін бұзу жағдайларында тұлғасының құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі 127, № 2 кабинет (қызметкерлерді құжаттау және тіркеу қызметі).
Құжаттар 2025 жылдың 16 қаңтарына дейін өткізілуі керек.
Анықтама телефоны: 8 /727/272-97-85.