2024 жылдың 25 желтоқсанында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына қарасты Өнер Диссертациялық кеңесінде Адай Абельдинов өзінің докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
Диссертация тақырыбы: «Әлемдік контекстегі қазақ анимациялық кәсіби мектебінің даму перспективалары». Зерттеу жұмысы «Өнертану» мамандығы бойынша жазылып, қазақ анимациясының жаһандық деңгейдегі даму мүмкіндіктерін қарастырды.
Ғылыми кеңесшілер:
Сова Роберт – PhD докторы, Краков қ. (Польша) Ян Матейко атындағы көркем өнер академиясының профессоры;
Алма Мұратқызы Айдар– PhD докторы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті.
Ресми рецензенттер:
Молдияр Амангелдіұлы Ергебеков– Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Журналистика» қауымдастырылған профессоры;
Айгуль Шаймуратовна Туякбаева– Алматы экономикалық-гуманитарлық университетінің «Дизайн» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Қорғау барысында диссертация жоғары бағаланып, ғылыми және практикалық маңыздылығы ерекше атап өтілді. Кеңес мүшелері бірауыздан Адай Кунанбаевичке «Өнертану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылдады.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы Адай Кунанбаевичті осы жетістігімен шын жүректен құттықтайды! Оның еңбегі қазақ анимациясының әлемдік деңгейдегі ғылыми дамуына айрықша үлес болып табылады.