Базалық ЖОО ретінде ҚР МАМ «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) – 2025 республикалық конкурсының II кезеңін өткізу тәртібі туралы
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына (бұдан әрі-СҒЗЖ) Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері мен студенттік ұжымдары келесі мамандықтар бойынша қатыса алады:
В024 – Өнертану, мамандандыру бағыттары:
«Өнертану»; «Театртану»; «Кинотану»; «Кинотеледраматургия»
В027 – Театр өнері;
6В021 – Эстрада өнері;
Қатысушы ЖОО ұсынған барлық ғылыми жұмыстар арнайы бағдарламаларда плагиатқа тексеруден өтуі тиіс.
Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін студенттердің ғылыми жұмыстарын ұсынған кезде жоғары оқу орны базалық ЖОО Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-на мынадай құжаттарды (баспа және электрондық форматтарда) жібереді:
- 1) қатысушы ЖОО-ның СҒЗЖ конкурсының бірінші кезеңінің қорытындылары туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған ілеспе хат (СҒЗЖ конкурсының бірінші кезеңінің комиссиясының хаттамасымен – 1-қосымша) немесе хаттамамен ресімделген жұмысты конкурсқа ұсыну туралы ЖОО Ғылыми кеңесінің шешімі;
- 2) ғылыми жұмысты (титулдық бетте автордың аты-жөні көрсетілмейді, тек ортасында жұмыстың атауы, жұмыстың орындалған жылын көрсетуге жол беріледі);
- 3) ғылыми жетекшінің орындалған жұмыстың дербестік дәрежесі туралы пікірі (еркін нысанда);
- 4) жұмысты плагиатқа тексеру туралы хаттама / анықтама;
- 5) ғылыми дәрежесі бар оқытушының пікірі сырттан;
- 6) ғылыми жұмыстың аннотациясы (2-қосымша);
- 7) автор (авторлар) және ғылыми жетекші туралы мәліметтер (3-қосымша);
СҒЗЖ ресімдеуге қойылатын талаптар:
- 1) Times New Roman қарпі 14 кегль, баспа мәтінінің кемінде 25 (бірақ 40-ден аспайтын) беті, бір интервал;
- 2) жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын;
- 3) титулдық бетте тек ортада жұмыс атауын көрсету қажет;
- 4) жұмыстың мазмұны: Кіріспе (толық ғылыми аппаратпен), негізгі бөлім (бөлімдер немесе тарауларымен), Қорытынды, Дереккөздер тізімі;
- 5) жұмысқа қосымшалар студентті зерттеу үшін қажетті кез келген графикалық материалдардан тұруы мүмкін (жұмыс парағы есепке алынбайды).
Басқа талаптармен ҚР ҒЖБМ ұсынымдарының 1-қосымшада танысуға болады.
МАҢЫЗДЫ!!!
- 1. Жұмыс талаптарға сәйкес қатаң түрде жасалуы керек.
- 2. Барлық құжаттардың электрондық (скан) нұсқасы папкалар бойынша (студенттердің аты-жөні) CD-R не USB флэш-картасына жазылады және баспа құжаттарымен бірге жұмысымен ортақ конвертке салынады.
- 3. СҒЗЖ баспа нұсқасындағы барлық қолтаңбалар «түпнұсқа» болуы тиіс.
- 4. Электрондық нұсқа міндетті түрде kaznai_nauka@mail.ru поштағсына жіберіледі.
- 5. Жіберілетін материалдар Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына 2025 жылдың 10 сәуіріне дейін жіберілуі тиіс. Пошта арқылы жіберу уақытын ескеру қажет.
- Ілеспе хат пен құжаттар Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мекен-жайына жіберіледі: 050000, Алматы қ., Панфилов к-сі, 127, сонымен қатар электрондық пошта: kaznai_nauka@mail.ru.
- Рекомендации МНВО РК
- Методические рекомендации по оформлению НИРС
- Правила оформления списка источников
- Образец оформления аннотации
- Образей оформления сведений об авторе и научном руководителе
Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА
СҒЗЖ республикалық конкурсын ұйымдастыру комитеті
Туындаған сұрақтар бойынша хабарласуға болады:
kaznai_nauka@mail.ru
+7 (777) 388 98 89