• 28.03.2024

Дарынды Сценограф онлайн байқауы

Авторkaznai

Қаң 17, 2023

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

         Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Театр өнері» факультеті 2023 жылдың 18-24 ақпан күндері өтетін талапкерлерге арналған республикалық байқауға қатысуға шақырады.

Байқаудың негізі мақсаты:

  • – сценография мамандығы бойынша қабілеті бар дарынды жастарды тарту;
  • – қызығушылығы бар жас таланттар иесіне академиямыздың жаңа оқу жылында қандай талаптар қойылатынын ескертіп, талапкерлерге өз бағын сынап көруге мүмкіндік беру;
  • – І,ІІ,ІІІ орын алған байқау лауреаттарына Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Сценография» білім беру бағдарламасы бойынша 2022-2023 оқу жылындағы қабылдау емтихандарына жеңілдік беріледі, яғни шығармашылық емтиханнан жоғарғы балл қойылып, тек кешенді тестілеуден ғана өтеді.
  • – жастарды қолдау және оларға шығармашылықтарын дамытуға ықпал ету;
  • – дарынды жастарды анықтап, марапаттау;

Байқауға өтінім беру және қатысуға арналған Ереже қосымша беріледі.

Ұйымдастырушы: Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Театр өнері» факультеті.

Жауаптылар: М.А.Кульсеитова, М.Е.Жангужинова

Байланыс телефондары: 8 727 / 272 99 04 (деканат) +7 747 8965317, +7 7066706007 (К.Дайшкалиева)

Электронды мекен-жай:  kaznai_scenography@mail.ru

«Дарынды сценограф» онлайн конкурсына қатысу үшін:

1) 1-турға: өтінімді толтыру және 2023 жылғы 18 ақпанға дейін кез келген бейнелеу техникасында орындалған кемінде 10 шығармашылық жұмысты kaznai_scenography@mail.ru поштасына жеберу керек.

2) 2-турға: – 24 ақпанда үміткерлер ZOOM-да қазақ халық эпостарының, ертегілерінің, аңыздары мен мифтерінің пьесалары мен мотивтері бойынша декорациялардың немесе кейіпкерлердің гримінің бір эскизін орындайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия