«Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер» кафедасы — ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
kz ru en

Оқытушылар құрамы

Білім беру бағдарламалары

          «Дыбыс режиссурасы  және операторлық өнер» кафедрасының тарихы 1994 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да «Операторлық өнер» мамандығының ашылуынан басталды. Алғашқы оқытушылар Қазақстанда операторлық шеберліктің оқыту әдістемесінің негізін қалаушы, «Қазақфильм» киностудиясының алдыңғы қатардағы кинооператорлары, БМКИ /ВГИК/ түлектері – Абильтай  Кастеев пен Энуар Даулбаев болды. 1998 жылы «Дыбыс режиссурасы» мамандығы ашылып, оның негізін қалаушылар дыбыс режиссерлер Байгарин А.К. мен Мырзашева А.Т.  болып табылады. Олар дыбыс режиссурасын оқыту әдістемесін әзірлеуге, мамандандыру пәндері бойынша типтік және жұмыс бағдарламаларын құруға айтарлықтай үлес қосты.

 Әр кезде кафедраның білім беру процесінің дамуына кәсіби қызметі Қазақстанда және шетелде жоғары бағаланған педагогтар баға жетпес үлес қосты: кинооператорлар А.И. Нилов, С. Махмут, А. К.Сүлеев, Б. К. Сүлеев, Г.Л. Ройтман және дыбыс режиссерлар Байгарин А.К., Баятаков М.А., Высочанский С.Ф., Мамбетов А.А., Кусенов Е. К.

Қазіргі кезде кафедра «Аудио өндіріс», «Фотоөнер» және «Операторлық өнер» білім беру бағдарламалары бойынша дайындықты жүзеге асыруда. Кафедрада дыбыс режиссерлар: Белов В.В., Байтанаев А.С., Баджанова А.Ж., Хайдарова А.Х., және кинооператорлар: Косай Р. К., Пшенаева Э. Б., Шляпников А.В., Амержанов К.Ж., фотограф Алхаров О.Е. сияқты тәжірибелі мамандар жұмыс істейді, сонымен қатар сазгер PhD Мұсахан Д.Е. кинотануши Баймуханова С.З., сценарист Шекеров Б.Б.  Кафедраның меңгерушісі доцент Мырзашева А.Т.

       Кафедра «Аудио өндіріс», «Операторлық өнер» және «Фотоөнер» білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін аудиториялармен, дыбыс жазу студияларымен, фото-кинотүсірілім павильондарымен және заманауи оқу жабдықтарымен  қамтамассыз етілген.

Қабылдау комиссиясы