• 21.12.2024

Жолдау

Авторkaznai

Sep 7, 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған үшінші Жолдауы болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Өз жолдауында «Жас әрі дарынды мүсіншілер, суретшілер, театр қызметкерлері, музыканттар, қаламгерлер жаңа жанр түрлерін игеріп, ұдайы ізденіс үстінде жүреді. Сөйте тұра, олар елеусіз қалып, меценаттардың көмегімен ғана күн көреді»,- деді мемлекет басшысы. Сол себепті мәдениет саласындағы саясатқа көңіл бөлуді, жыл соңына дейін жаңа мәдениетті және оның дарынды өкілдерін дәріптеуге бағытталған нақты шаралар жоспарын ұсынуды тапсырды. Бұл біз үшін ерекше серпіліс. Өнер адамдары үшін мемлекет қолдауы аса маңызды. Бұл бастамалар үлкен жетістіктерге әкелері сөзсіз.
«Елу жылда ел жаңа» демекші, еліміз егемендігін алып, еңсесін тіктеп, жарқын болашаққа жаңа үмітпен қарайтын жағдайға жетті. Біз қазір тоғыз жолдың торабында тұрмыз. Осы орайда барша замандас, келер ұрпаққа Ұлттық сана мен сыни ойлау дағдысы қажет деп есептеймін. Бауыржан Момышұлының бір әрекетін үлгі тұтамын. Орысша сөйлесе, ойын таза орысша баяндайды, қазақша сөйлесе, ана тіліміздің барлық құнарын төгеді. Сапырылыстырып, қойыртпақ жасаудан ада болуымыз керек. Тіл мәдениеті – адам болмысының ғана емес, бүтін жұрттың айнасы.

Құрметпен, Жұмақын Қайранбаев – Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА профессоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері


Приемная комиссия