• 21.11.2024

МУЗЕЙ-ГАЛЕРЕЯ

Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРАКАДЕМИЯСЫНЫҢ  МҰРАЖАЙЫ МЕН ГАЛЕРЕЯСЫ

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының музейі  2005 жылы ректор, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қышқашбаев Тілеуғали Әшірбекұлының бастамасымен ашылды.

  Академия мұражайында фотоқұжаттар, ғылыми еңбектер, оқулықтар, Қазақстан Республикасының мәдениет, өнер және білім беру ісінің көрнекті өкілдерінің жеке тұтынған заттары сақталған. Олардың арасында кино және театр майталмандары, музыка комедиясы және эстрада әртістері, театр мен кино сыншылары, дизайн және қолданбалы өнер шеберлері сонымен қатар,  балет жұлдыздары да бар.

      2017 жылы Академия музейі ректор, п.ғ.к., профессор Б.Н.Нүсіпжанованың жетекшілігімен қайта толықтырылды. Музей заманауи үлгіде қайта жаңғыртылып, әр факультеттің тарихы мен құрылымына арналған стендттер орнатылды. Сөрелерге қойылған экспонаттар қатары академияның қалыптасуы мен даму кезеңі туралы тарихи мағлұматтармен толықтырылды.  

       Академия 1989 жылдан бастап мәдениет, өнер және білім саласының дамуына зор үлес қосқан,  КСРО-ның  көрнекті мемлекет  қайраткері, Қазақстан халық ағарту комиссары Темірбек Қараұлы Жүргенов (1898-1938) есімін иеленіп келе жатқандықтан да, оның  қайраткерлігіне ерекше мән берілген.

       Академияның галереясы оқытушылар мен студенттердің және шетелдік әріптестеріміздің шығармашылығын насихаттауға бағытталған.

       Галереяға келушілер белгілі суретшілер мен алыс-жақын шетелдік қолданбалы өнер шеберлерінің және жыл сайынғы студенттердің халықаралық пленэрлік сапарларының нәтижесі мен бітіуші түлектердің дипломдық жұмыстарын тамашалайды.

      Академияның көрме ұйымдастыру қызметі біздің студенттердің көзқарасын кеңейтуге ықпал жасайды, сонымен қатар олардың өнертанушылық қабілеттерін, яғни, кәсіби стилін және көркемдік талғамын арттыруға көмектесіп,  студенттердің білім деңгейін көтеруге оң әсерін тигізеді.

Приемная комиссия