• 16.10.2024

Ғылыми-әдістемелік семинар

Авторkaznai

Oct 8, 2024

ҚР БҒМ-нің және халықаралық гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысу мақсатында ғылыми жобаны ұйымдастыру бойынша ғылыми-әдістемелік семинар

16 қазанда академия кинозалында ҚР ҒЖБМ-нің және халықаралық гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысу мақсатында ғылыми жобаны ұйымдастыру бойынша ғылыми-әдістемелік семинар өтеді. Семинарда гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысқан мамандар тәжірибесімен бөліседі.

Семинар бағдарламасында:

1. «Getty Scholar in the 2023-2024 academic year» халықаралық зерттеу жобасына қатысқан «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасының дщценті, өнертану бойынша PhD Сорокина Юлия Владимировнаның баяндамасы.

2. Республикалық гранттық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысқан «Шет тілдер және ҚХА» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Таутенбаева Айнагүл Абдумажитовнаның баяндамасы.

3. Республикалық гранттық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысқан «Дизайн» кафедрасының доценті, сәулет өнері кандидаты Нурдубаева Асия Руслановнаның баяндамасы.

Семинарға республикалық және халықаралық ғылыми-зерттеу жобалары  конкурстарына қатысу тәжірибесімен танысқысы келетін оқытушылар, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Семинарды Ғылыми-редакциялық бөлім ұйымдастырады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия