• 21.11.2024

«Qyzğaldaq-2024»

Авторkaznai

May 23, 2024

«Qyzğaldaq-2024»

ІV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК КОНКУРС-ПЛЕНЭР

2024 жылдың  28-31-мамыр аралығында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Көркемсурет» кафедрасы және  «Көрмелерді ұйымдастыру және шығармашылық туындыларды сақтау» бөлімінің ұйымдастыруымен «Qyzğaldaq-2024» ІV Халықаралық студенттік конкурс-пленэрі өткізіледі.

Биыл өткізілгелі отырған «Qyzğaldaq-2024» ІV Халықаралық студенттік конкурс-пленэр Қазақ КСР-нің халық суретшісі,  ұлтымыздың бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі, кескіндемешісі, график-суретші Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына арналады.

1.Байқаудың тақырыбы

Қызғалдақ – Қазақстандағы мәдени рәміздердің бірі. Ол көктемнің ғана емес, сонымен бірге жаңа бастамалардың да символы. Қызғалдақ гүлі сонымен қатар бақытпен, махаббатпен және сұлулықпен де байланысты. Ол көбінесе қазақтың дәстүрлі кестелерінде, киімдерінде және сәндік-қолданбалы, бейнелеу өнерінде қолданылады.

Зерттеушілердің пікірінше, қазіргі Қазақстанның аумағы қызғалдақтың отаны және таралу аймағы болып табылады. Орта Азияда кездесетін қызғалдақтың 64 түрінің 35-і Қазақстанда өседі, 18 түрі Қызыл кітапқа енген. Қазақ даласының сәні болған  қызғалдақтар әр көктем сайын гүлдеп, республиканың барлық аумағы дерлік масаты кілемдей құлпырып, көздің жауын алады. Бұл асыра айтқандық емес, Қазақ даласы шын мәнінде Жер бетіндегі ең үлкен табиғи гүлзарға айналады.

Қазақстандағы қызғалдақтар –  таңғажайып көріністердің бірі. Қазақстандық қызғалдақтардың ерекшелігі – адамдардың араласуынан тыс пайда болған, табиғи сұлулық. Қызғалдақ гүлі – ұлттық құндылық ретінде дәріптеліп, брендке айналдыруға әбден лайық төл табиғи сұлулығымыз.

2.Мақсаты мен міндеті

Мақсаты: бейнелеу өнерін дамыту және шығармашыл жастарды қолдау. Мәдениет, өнер және көркемдік білім беру саласындағы халықаралық қатынастар мен ынтымақтастықты қалыптастыру және нығайту.

Міндеті: Алматы қаласы, Алматы облысы және Алатау бөктерін алма жемісі мен жауқазын гүлдерінің тарихи отаны ретінде таныстыру; студенттерді отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу; жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін дамыту;  әр елдің бейнелеу өнері мектебімен танысу, өзара тәжірибе алмасу.

3.Конкурстың өткізілу тәртібі мен бағдарламасы

27 мамыр 2024 ж.

  • Шет елден және Қазақстанның өзге өңірлерінен қатысушылардың келуі.
  • Қонақ үйге орналасу

28 мамыр 2024 ж. 

  • сағат 09.00-10.00 – қатысушыларды тіркеу.
  • сағат 10.00-10.30 – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Qyzğaldaq-2024» ІV Халықаралық студенттік конкурс-пленэрдің ашылу салтанаты.
  • сағат  11.00-17.00 – Алматы қаласының көрікті жерлерінен этюд жазу.
  • сағат 13.00-14.00 – түскі ас

29 мамыр 2024 ж.

  • сағат  08.00-18.00  – Ашық аспан астындағы пленэр («Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы»)
  • сағат 13.00-14.00 – түскі ас

30 мамыр 2024 ж.

  • сағат 12.00 – пленерлік жұмыстарды комиссияға тапсыру
  • 12.00 – 13.00 – Өзбекстан Республикасы Қ.Бехзоди атындағы Ұлттық өнер және дизайн институтының профессоры, Өзбекстанның еңбек сіңірген суретшісі Мухаммаддиер Ташмұратов шеберлік сабағы.
  • сағат 13.00-14.00 – түскі ас
  • сағат 14.00-18.00«Qyzğaldaq-2024» ІV Халықаралық студенттік конкурс-пленэрдің нәтижесі бойынша этюдтік жұмыстарды бағалау комиссиясының  жұмысы.
  • сағат 14.00-15.00 –Оңтүстік Кореяның Чунгнам ұлттық университетінің профессоры Шим Вун Тайктің шеберлік сабағы.
  • сағат 15.00-17.00 «Qyzğaldaq-2024» ІV Халықаралық студенттік конкурс-пленэріне қатысушыларды Алматы қаласының тарихи, мәдени орындарымен таныстыру (Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы, ҚР мемлекеттік орталық мұражайы, т.б.)

31 мамыр 2024 ж.

  • 9.00-10.00 Қонақүйден шығу
  • сағат 11.00-13.00«Qyzğaldaq-2024» ІV Халықаралық студенттік конкурс-пленэрінің жабылу салтанаты, жеңімпаздарды дипломдармен марапаттау және барлық қатысушыларға сертификаттар тапсыру.

4. Конкурстық комиссия

Конкурстік комиссия құрамына Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сының профессор-оқытушылары, Қазақстанның белгілі суретшілері және шетелдік суретші мамандар кіреді.

Комиссияның шешімі түпкілікті және шағымдануға жатпайды.

5. Бағалау критерийлері

  • – жұмыс мазмұнының байқау тақырыбы мен міндеттеріне сәйкестігі;
  • – пейзаждық кескіндеменің жоғары деңгейі;
  • – түс пен реңнің сауатты шешімі;
  • – композицияның тұтастығы;
  • – жұмыстың көркемдігі;
  • – жұмыстың аяқталғандығы.

6. Марапаттау

Конкурс-пленэрдің нәтижесі бойынша қатысушылар келесі деңгеймен марапатталады:

  • Гран-При дипломы – 1 студент 
  • І дәрежелі  диплом  –  1 студент 
  • ІІ дәрежелі диплом  –  1 студент 
  • ІІІ дәрежелі диплом –  1 студент

Номинациялар:

  • Ең үздік композициялық шешім – 2 студент
  • Ең үздік колористік шешім – 2 студент
  • Үздік авторлық стиль – 2 студент
  • Үздік графикалық шешім – 2 студент

Қалған барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жетекшілеріне алғыс хаттар беріледі.

7. Ұйымдастыру-техникалық талаптар

2024 жылдың 23-інші мамырына дейін korkemsyret@bk.ru электронды поштасына төмендегі мәліметтерді жіберу керек:

  • 1. Жоғары оқу орындарынан қатысушы студенттердің аты-жөні, мамандығы, курсы көрсетілген ресми хат.
  • 2. Қатысушылардың өтініш парақшасы (Қосымша).
  • 3. Жеке куәлік немесе паспорттың көшірмесі.

4. Қатысушының қысқаша портфолиосы (студенттің фотосуреті, қысқаша өмірбаяны, шығармашылық жұмыстарының 2-3 суреті). PDF, MS Word форматында.

Конкурс-пленэрге қатысушы студенттер өздеріне  қажетті материалдарды бірге ала келуі тиіс (этюдник, қарындаш, майлы бояу т.б.).

Ұйымдастырушы тарап ұсынады:

  • 1. Жатын орын (шет елден және Қазақстанның басқа өңірлерінен келгендер үшін).
  • 2. Бір реттік тамақтану (түскі ас) (барлық қатысушыларға).
  • 3. Кенеп (2 дана) (барлық қатысушыларға).

4. 10 түсті майлы бояу жинағы, сұйылтқыш, палитра, қылқаламдар (барлық қатысушыларға).

Пленерлік жұмыстар реализм бағытында орындалуы тиіс. Қатысушылар пленэрде кескіндеме бойынша (майлы бояу, акрил, акварель,) екі жұмыстан жазады. Пленэр-конкурс аяқталғаннан кейін әрбір қатысушы-студент орындалған 2 этюдке қол қойып (жұмыстың артқы бетіне – аты-жөні, елі, қаласы, оқу орны), ұйымдастыру комитетіне тапсырады. Конкурстық жұмыстаравторға қайтарылмайды, ұйымдастыру комитетінің меншігі болып табылады.

8. Қатысу шарттары

«Qyzğaldaq-2024» халықаралық студенттік пленэр байқауына «Кескіндеме», «Графика» (бейнелеу өнері) бағыты бойынша (ЖОО) жоғары оқу орындарынан 2 студенті қатыса алады.

2022, 2023 жылдары өткен «QYZĞALDAQ» байқауының жеңімпаздары қатыса алмайды!

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Панфилов к-сі, 127. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы.

Жоба жетекшілері:

Тұрғынбай Болат Сырлашұлы – «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Көркемсурет» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор;

Тоқпанова Майя Қызтуғанқызы –  «Көрмелерді ұйымдастыру және шығармашылық туындыларды сақтау» бөлімінің басшысы, «Мәдениет саласының үздігі».

Жауаптылар:

Сатаев Нұрлан Каленұлы – +7 778 272 22 66 (whatsApp) эл.пошта: korkemsyret@bk.ru

Агатаев Серік Зинуллович – +7 702 271 82 47, +7 707 403 72 57 эл.пошта:  seric_zin@mail.ru

«Qyzğaldaq-2024» ІV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК КОНКУРС-ПЛЕНЭРГЕ

қатысушылардың өтініш парақшасы

Қатысушылардың аты-жөні (құжат бойынша толық) 
Туған күні, айы мен жылы   
Мекеме (ЖОО)   
ЖОО толық атауы және мекен-жайы (қала және индекс кодымен)   
Байланыс телефон: ұялы телефон 
Эл.почта:  e-mail   
Қатысушылар туралы қысқаша ақпарат     
Жетекшісі  (аты-жөні, лауазымы)   

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия