• 03.11.2024

«Сән және киім дизайн» кафедрасы

  • ҚазҰӨА
  • «Сән және киім дизайн» кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Оқытушылар құрамы

Магистранттар құрамы

«Сән және костюм дизайны» ББТ тарихы 1987 жылы Алматы Мемлекеттік Театр-көркемсурет институтының «Көркем тоқыма» кафедрасы негізінде «Костюмді модельдеу» мамандандыруы  құрылуынан басталды,  кейін бұл мамандандыру «Киім дизайны» деп аталды.

Қазақстан үшін жаңа болып табылған бұл білім беру бағытын іске асырған «Көркем тоқыма және костюмді модельдеу» кафедрасының бастауында Қ.Қ.Мұратаев, өнертану кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ҚР суретшілер одағы мен ҚР дизайнерлер одағының мүшесі; Ибрайшина Г.К., философия ғылымдарының кандидаты, өнертану доценті (ЖАК), Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының мүшесі; Садығұлов Р.С., доцент, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі сынды оқытушылар болды.

Аталған мамандандыру бойынша мамандар даярлап келе жатқан кафедраны әр жылдары табысты басқарған кафедра меңгерушілері: Ибрайшина Г.К. – философия ғылымдарының кандидаты, өнертану кафедрасының доценті (ЖАК), Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының мүшесі; Үсенова Ж.С. – Жоғары аттестаттау комиссиясының профессоры, доценті; Бапанова С.С., профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері; Ибраева А.Б., доцент, ғылым магистрі; Елубаева Р.С., өнертану магистрі; Аубакирова М.Е., аға оқытушы; Қаржаубаева С.Қ., профессор, ф.ғ.д. Қазіргі кезде кафедра меңгерушісі —  Жумагалиев М.С., доцент, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының мүшесі.

Қазіргі кезде «Сән және костюм дизайны» кафедрасы «Сән және костюм дизайны» білім беру бағдарламасы бойынша екі бағытта («Фэшн дизайн», «Театр және кино костюмінің дизайны») және екі деңгейде (бакалавр және магистратура) мамандар дайындайды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы негізінен Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА түлектері  болып табылады және сән индустриясы, театр, кино және теледидар саласында тәжірибелі мамандардан тұрады. Кафедра оқытушылары: доцент Жумагалиев М.С., Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері; доцент Володева Н.А., өнертану ғылымының кандидаты; доцент Сеитова Н.Ж., техника ғылымдарының кандитаты; доцент Ибраева А.Б., өнер магистрі; доцент Бекибаева Г.Д., ҚР дизайнерлері одағының мүшесі, «Бүкілресейлік көрме орталығы лауреаты» медалінің иегері; доцент Дениско Т.В., доцент Нурмагамбетова К.А.; аға оқытушы Наймантаева М.Т., магистр; оқытушы Әділ А., өнер магистрі.

Білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары — республикалық және халықаралық фестиваль, конкурстардың лауреаттары мен дипломанттары, маңызды халықаралық шығармашылық жобалардың қатысушылары болып табылады; ал түлектер арасында — танымал қазақстандық киім дизайнерлері мен өз брендтерінің негізін қалаушылар, табысты театр және кино суретшілері, костюм дизайнерлері, ресейлік және Қазақстанның жетекші шығармашылық университеттерінің оқытушылары бар.

Бүгінгі таңда Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Сән және костюм дизайны» БББ —  жаңашыл өзгерту объектісі. Жаңашыл өзгертудің негізгі идеясы  — заманауи нарықтың динамикалық өзгермелі сипаттамалары және үдерістері ескеріліп, дүниежүзілік қауымдастықпен өзара әрекеттесуді көздеген қазақстандық білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында; мәдениет пен өнер саласындағы білім беру бағдарламаларын дамытудағы жаңа көзқарастар негізінде сән және костюм дизайны саласындағы заманауи білім беру бағдарламасын қалыптастыру. Бағдарламаны әзірлеудегі ең маңызды бағдар болып табылған — дизайнның көптеген өнер түрлеріне сүйенетін және шығармашылық пен техникалық-өндірістік процесстер түйісуінде туындайтын жинақтаушы көркемдік тәжірибелік ерекшелігін ескере отырып, замануи халықаралық талаптарды және ұлттық өнер мектебінің үздік дәстүрлерін біріктіру негізінде жеке даму траекториясын құру мүмкіндігі.

Приемная комиссия