Молдашева Анар Куанғалиқызы
Кафедра меңгерушісі
e-mail: kaznai-art@mail.ru
Instagram: art.management_kaznai
«Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасы ғылыми-педагогикалық қызметін 2017 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ» факультеті құрамында бастады.
Дербес құрылымдық бөлімше ретінде «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасы 2021-2022 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасы Қазақстандағы мәдениет пен өнерді басқару саласының жоғары білікті мамандарын даярлайтын жетекші кафедраның бірі болып табылады.
Профессор-оқытушылар құрамының, студенттер мен магистранттардың ғылыми зерттеулері менеджмент, өнертану және кәсіптік білім берудегі басым, өзекті бағыттар бойынша жүргізіледі. Кафедра құрамында жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, олардың ішінде:
- Молдашева А.Қ. – «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., профессор;
- Ергөбек Ш.Қ. – з.ғ.к., қауымд.профессор;
- Климова Т.Г. – э.ғ.к., доцент;
- Сорокина Ю. В. – өнертану бойынша PhD, доцент м.а.;
- Мусабаев Қ.М. – э.ғ.к., доцент;
- Кокеев Е.А. – Еңбек сіңірген әртіс, композитор, актер, ақын, жазушы, психология бойынша бірегей жобаның авторы, аға оқытушы;
- Мусаева А.А. – э.ғ.к., доцент м.а.;
- Скаков Е.Ж. – өнер магистрі, оқытушы;
- Мусабекова Л.Д. — өнертану бойынша PhD, аға оқытушы;
- Джумадилова Ж.А. – психология және әлеуметтану бойынша магистр, аға оқытушы;
- Тоқпан А.Қ. – өнертану ғылым.магистрі, оқытушы;
- Тоқтаған Е.Т. – өнертану ғылым.магистрі, оқытушы;
- Асқаров А.Ұ. – өнертану ғылым.магистрі, оқытушы;
- Кумарова А. Ж. – өнертану ғылым.магистрі, оқытушы;
- Жазылбек А. – өнертану ғылым.магистрі,оқытушы, лаборант.
«Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасында білім беру бағдарламалары (ББ) келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Бакалавриат:
Магистратура:
Жыл сайын кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамы ҚР оқу орындарында, орталықтарында, жақын және алыс шетелдерде біліктілікті арттыру және тағылымдамадан өтеді. «Арт-менеджмент» ББ түлегінің кәсіби қызметі Қазақстанда арт-нарық пен арт-бизнестің қалыптасуы жағдайында мәдени ұйымдарды, кәсіпорындарды және процесстерді басқару үдерісін жетілдіруге, ағымдағы және перспективалық жоспарлауды оңтайландыруға, ілгерілетудің заманауи әдістері мен ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында біздің еліміздің және арт-қызметтердің шетелдік нарығының мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған.