• 22.03.2023

«Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасы

  • ҚазҰӨА
  • «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасы

Молдашева Анар Куангалиевна

Кафедра меңгерушісі

Email почта: kaznai-art@mail.ru

Фейсбук: art_menegmant_kaznai

Instagram: art_menegmant_kaznai


«Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасы ғылыми-педагогикалық қызметін 2017 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ» факультеті құрамында бастады.

Дербес құрылымдық бөлімше ретінде «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасы 2021-2022 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді.


Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасы Қазақстандағы мәдениет пен өнерді басқару саласының жоғары білікті мамандарын даярлайтын жетекші кафедраның бірі болып табылады. Сондай-ақ Қазақстанның өнер саласындағы өз ұйымының білім беру тұжырымдамасының органикалық қоспасы болып табылады.

Профессор-оқытушылар құрамының, студенттер мен магистранттардың ғылыми зерттеулері менеджмент, өнертану және кәсіптік білім берудегі басым, өзекті бағыттар бойынша жүргізіледі. Кафедра құрамында жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, олардың ішінде:

  • – Молдашева А.К. –  «Арт-менеджмент және продюсерлеу»  кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., профессор м.а.;
  • – Байбеков А.Н. – профессор;
  • – Климова Т.Г. – э.ғ.к., доцент;
  • – Сорокина Ю. В. – PhD докторы, аға оқытушы;
  • – Мұсабаев Қ.М. – э.ғ.к., доцент;
  • – Мусаева А.А. – э.ғ.к., аға оқытушы;
  • – Джумадилова Ж.А. – магистр,  аға оқытушы;
  • – Тлеумаганбетова Г.Ж. –  магистр, аға оқытушы;
  • – Токпан А.К. –магистр,  оқытушы;
  • – Кумарова А. Ж. – магистр, оқытушы;
  • – Меліс Ш.Е. – аға лаборант.

«Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасында білім беру бағдарламалары (ББ) келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

Бакалавриат:

  • – 6В02191 – «Арт-менеджмент, продюсерлеу»;
  • – 6В02153 – «Арт-менеджмент, продюсерлеу»;
  • – 5В042300 «Арт-менеджмент, продюсерлеу»;
  • – 5В042300 – «Арт-менеджмент»

Қашықтықтан оқыту:

  • – 5В042300 – «Арт-менеджмент, продюсерлеу»

Магистратура:

  • –7М02161 – «Арт-менеджмент» – бейіндік бағыт;
  • – 7М02191 – «Арт-менеджмент» – ғылыми-педагогикалық бағыт.

Жыл сайын кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамы ҚР оқу орындарында, орталықтарында, жақын және алыс шетелдерде біліктілікті арттыру және тағылымдамадан өтеді. «Арт-менеджмент» ББ түлегінің кәсіби қызметі Қазақстанда арт-нарық пен арт-бизнестің қалыптасуы жағдайында мәдени ұйымдарды, кәсіпорындарды және процесстерді басқару үдерісін жетілдіруге, ағымдағы және перспективалық жоспарлауды оңтайландыруға, ілгерілетудің заманауи әдістері мен ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында біздің еліміздің және арт-қызметтердің шетелдік нарығының мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған.

«Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасының құрылымы

Приемная комиссия