• 08.10.2024

«Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасы

  • ҚазҰӨА
  • «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасы

Молдашева Анар Куанғалиқызы

Кафедра меңгерушісі

e-mail: kaznai-art@mail.ru

Instagram: art.management_kaznai


«Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасы ғылыми-педагогикалық қызметін 2017 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ» факультеті құрамында бастады.

Дербес құрылымдық бөлімше ретінде «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасы 2021-2022 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді.


Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасы Қазақстандағы мәдениет пен өнерді басқару саласының жоғары білікті мамандарын даярлайтын жетекші кафедраның бірі болып табылады.

Профессор-оқытушылар құрамының, студенттер мен магистранттардың ғылыми зерттеулері менеджмент, өнертану және кәсіптік білім берудегі басым, өзекті бағыттар бойынша жүргізіледі. Кафедра құрамында жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, олардың ішінде:

  • Молдашева А.Қ. –  «Арт-менеджмент және продюсерлеу»  кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., профессор;
  • Климова Т.Г. – э.ғ.к., доцент;
  • Сорокина Ю. В. – PhD, доцент м.а.;
  • Мұсабаев Қ.М. – э.ғ.к., доцент;
  • Мусаева А.А. – э.ғ.к., доцент м.а.;
  • Джумадилова Ж.А. – магистр,  аға оқытушы;
  • Тлеумағанбетова Г.Ж. –  магистр, аға оқытушы;
  • Тоқпан А.Қ. – магистр,  оқытушы;
  • Кумарова А. Ж. – магистр, оқытушы;
  • Тоқтаған Е.Т. – магистр, оқытушы;
  • Жазылбек А. –лаборант.

«Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасында білім беру бағдарламалары (ББ) келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

Бакалавриат:

Магистратура:

Жыл сайын кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамы ҚР оқу орындарында, орталықтарында, жақын және алыс шетелдерде біліктілікті арттыру және тағылымдамадан өтеді. «Арт-менеджмент» ББ түлегінің кәсіби қызметі Қазақстанда арт-нарық пен арт-бизнестің қалыптасуы жағдайында мәдени ұйымдарды, кәсіпорындарды және процесстерді басқару үдерісін жетілдіруге, ағымдағы және перспективалық жоспарлауды оңтайландыруға, ілгерілетудің заманауи әдістері мен ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында біздің еліміздің және арт-қызметтердің шетелдік нарығының мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған.

Приемная комиссия