• 18.01.2022

«Тәуелсіздік ұрпақтары: ғылым, мәдениет және заманауи шығармашылық»

Авторkaznai

Nov 26, 2021

2021 жылдың 26 ​​қарашасында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасында жыл сайын өткізілетін Ғылым апталығының салтанатты жабылуы өтті. Осы жылы ұйымдастырылған Ғылым апталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналып, апталықтың соңында «Тәуелсіздік ұрпақтары: ғылым, мәдениет және заманауи шығармашылық» тақырыбындағы студенттердің бас қосуы ұйымдастырылды.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушылары, әлеуметтану магистрі Л.Д. Удербаева және тарих магистрі Қ.Е. Тауенов «Кино және ТД» факультетінің 2 курс студенттерімен «Таланттар фабрикасы» шарасын ұйымдастырып, Ғылым апталығын қорытындылады.

Шараның мақсаты – шығармашылық және ғылыми іс-әрекеттер арқылы студенттердің бойында патриоттық сезімді, азаматтық сананы қалыптастыру.

«Кино и ТД» факультетінің 2 курс студенттері Байтемиров Е. пен Алмасұлы А., Зейнолла А. мен Дуйсенова С., Исабекова С., Исина Ж., Нұрмолда Н. және Евтушенко Т. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде қоғамдық өмірдің саяси, мәдени, әлеуметтік, спорттық салаларындағы жетістіктері туралы бейнероликтер дайындады.

Студенттер Шарифулла М. мен Валиева А. Қазақстанға арнаған өлеңдерін оқып, іс-шараға қатысушылар мен кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамын жақсы әсер қалдырды.  

Кездесу Ғылым апталығы аясында өткізілген барлық ғылыми іс-шараларға қысқаша шолу жасаумен аяқталды.