• 22.12.2024

“Тәуелсіз Қазақстанның негізі мен дамуы”

Авторkaznai

Dec 7, 2021

«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» КАФЕДРАСЫ

Өткізілген іс-шаранын сілтемесі; https://drive.google.com/file/d/1fC_uuor-7udhyfwlzUs3rdnP6xIjgt5h/view?usp=sharing

Бағдарламасы

       2021 жылдың 6 желтоқсанында музыка мен хореографии факультеттерінің 1 курс студенттеріне кафедраның профессоры Шаймерденова Мендыганым Жамалбековна “Рухани Жаңғыру” бағдарламасының аясында Қазақстанның тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіз Қазақстанның негізі мен дамуы” тақырыбына тәртіптік іс-шаралар өткізді.

       2021 жыл біздің еліміз үшін өте маңызды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының 35 жылдық салтанаты.

       1986 жылғы желтоқсан оқиғалары біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік және еліміздегі бірнеше ұлттың бірлігінің символы болып қалды.

Біздің мемлекетімізді бүкіләлемдік деңгейде дінаралық және ұлтаралық проблемаларының шешімінде үлгі ретінде қояды.

       1991 жылдың 16 желтоқсанында “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жөнінде” Конституциялық заң қабылданды.

       Нұрсұлтан Назарбаевтің басшылығымен елде  әртүрлі іс-шаралар, политикалық экономикалық және әлеуметтік реформалар жүргізілді. Тұңғыш президенттің политикасының арқасында қазақ елін басқа мемлекеттерде де тани бастады.

        Өзінің жастарға арнаған сөзінде ол: “Біздің тәуелсіздігімізді сақтау үшін білімді болу қажет. Болашақта экономиканың конфликтілері мен проблемаларын тек білім мен ғылым арқасында шеше аламыз. Мен сендерге сенемін” деді.

       Студенттер 1986 жылдың желтоқсан оқиғаларына арнап музыкалды және хореографиялық композицияларды, сонымен қатар презентация мен баяндамаларын дайындады: Жумагалиева Амина, Кан Жанна, Жаксылыкова Альбина, Сембаев Әлішер

       Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуына үлес қосқан тарихи тұлғалар жайында баяндамамен шыққандар: Талгатова Камила, Тусова Камила, Касимбаев Санжар, Калиева Эмилия, Пивкина Маргарита, Жаксылыкова Альбина, Жукова Юлия, Аужанова Аяулым.

       Қорытынды ретінде кафедраның меңгерушісі профессор Алимжанова Алия Шарабековна сөйледі. Өзінің қорытынды сөзінде патриотизм мен ұлтаралық келісімінде, сонымен қатар Қазақстанның ұлттар ынтымақтығын күшейтуге негізделген жалпыұлттық идеяларына ерекше көңіл аударды. Өзінің баяндамасын “Ұлттың ұлылығы – білім және рух байлығында” деген Тұңғыш Президенттің сөзімен аяқтады .

Приемная комиссия