• 22.12.2024

«Эдвайзерлер іс-әрекетін оқу-тәрбие процесінде психологиялық сүйемелдеу»

Авторkaznai

Jan 18, 2023

2023 жыл қаңьар айының 16-17 жұлдызында Академия қабырғасында психологиялық  қызметінің ұйымдастыруымен «Эдвайзерлер іс-әрекетін оқу-тәрбие процесінде психологиялық сүйемелдеу» тақырыбында факультет эдвайзерлеріне арналған семинар-тренинг өткізілді.

Мақсаты – эдвайзерлер іс-әрекетін оқу-тәрбие процесінде психологиялық сүйемелдеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.

Семинар-тренингке академия факультеттерінің эдвайзерлері қатысты. Семинар-тренинг барысында заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдыққа бейімдеу, студенттердің эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру, топтасып жұмыс жасаудың тиімді жолдары секілді өзекті тақырыптар қозғалды.

Семинар-тренинг жоғары деңгейде өтілді. Семинар-тренинг соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия