• 22.12.2024

Құрметті студенттер!

Авторkaznai

Feb 11, 2023

         2023-2024 оқу жылының күзгі семестріне екі жақты келісімдер бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау ашылғанын хабарлаймыз.  

         Құжаттар 2023 жылдың  28 ақпанына дейін қабылданады. БІРІНШІ  ЖӘНЕ БІТІРУШІ КУРСТАР ҚАРАСТЫРЫЛМАЙДЫ!!! Конкурс екі кезеңнен тұрады: іріктеу және финал.

          Конкурсқа қатысу үшін (I кезең) үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

  • 1. Өтініш (еркін түрде);
  • 2. Тіркеуші кеңсенің шығарған 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) транскрипт (5 каб., Бас ғимарат);
  • 3. Мотивациялық хат (қазақ немесе орыс тілдерінде);
  • 4. Ұсыныс хаты (қазақ немесе орыс тілдерінде кафедра меңгерушісінің / куратордың қолымен куәландырылған / П.С., факультет деканының қолы міндетті түрде) *;
  • 5. Халықаралық IELTS сертификаты минимум 5.5; В2 деңгейінен төмен емес неміс тілі сертификаты; TOPIC 3 деңгейінен төмен емес кәріс тілі сертификаты. IELTS 5.5 сертификаты бар студенттер ішкі іріктеу конкурсының сұхаббатынан босатылады.

  Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінің өтетін орны және уақыты қосымша беріледі. Конкурс кезеңінің нәтижелері туралы ақпарат Академия сайтында және әлеуметтік желілерінде орналастырылады. Конкурстық іріктеудің екінші кезеңі (қорытынды кезең) қабылдаушы оқу орынында 2023 жылдың мамыр/маусым айларының соңына дейін өтеді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттердің оқуы туралы түпкілікті шешім қабылдаушы оқу орнының басшылығының шешімімен болады (құжаттардың негізгі пакеті екі кезеңнің нәтижелеріне негізделеді).

         Жоғарыда көрсетілген құжаттарды бас ғимарат, 9-шы кабинетке өткізулеріңізді және қосымша ақпарат алу үшін сыртқы байланыстар және академиялық ұтқырлық бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз. Тел.: 8727 261 15 72, email: kaznaa@bk.ru  

Сыртқы байланыстар және академиялық ұтқырлық бөлімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия