• 25.12.2024

«Qyzğaldaq-2024»

Авторkaznai

Jun 4, 2024

«Qyzğaldaq-2024» ІV Халықаралық студенттік байқау-пленэрі аяқталды.

БүгінТемірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Qyzğaldaq-2024» атты ІV Халықаралық студенттік байқау-пленэрінің қорытындылау күні өтті.
Байқауға қатысқан әр студент екі жұмыстан жазды. Алғашқы күні Алматы қаласының көркем көрінісін бейнелеген болса, екінші күні таңбалы мемлекеттік мәдени және тарихи музей қорығына барып, қызғалдақпен өрнектелген Алатау бөктеріндегі ғажап көріністі бейнеледі.  Пленэрлік жұмыстар реализм бағытында орындалуы тиіс болған. Сайыскерлердің жұмыстары нөмірленіп, фойеге ілінді. Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның профессор-оқытушылары, Қазақстанның белгілі суретшілері және шетелдік суретші мамандардан құралған қазылар алқасы әділ баға бергені айдан анық. Дегенмен, жұмыстарға сайыскерлердің аты-жөндері жазылмаған, әр қатысушыға нөмір беріліп, орындаған этюдтері де нөмірлерген болатын.
 Конкурстік комиссия шешімімен Гран-При Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шәкірті Ақбота Әбейдоллаға бұйырды.
І дәрежелі диплом иегері – Хадиша Серікбаева, Темірбек Жүргенов атындағы  Қазақ  ұлттық  өнер  академиясының шәкірті.
ІІ дәрежелі диплом иегері – Жарқын Тастанбек, Күләш Байсейтов атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті.
ІІІ дәрежелі диплом иегері – Ильичбек уулу Сыймык, Қырғыз Республикасы Тұрғымбай Садықов атындағы көркемсурет академиясының шәкірті.
Алғашқы үш орынға және Гран-Приге ақшалай сыйлықтар ұсынылды. Бұдан бөлек төрт номинация бойынша сегіз студент марапаттау  сыйлықтарын алды.
Номинациялар:

  • Ең үздік композициялық шешім  
  • Ең үздік колористік шешім  
  • Үздік авторлық стиль  
  • Үздік графикалық шешім  

«Qyzğaldaq-2024» атты ІV Халықаралық студенттік байқау-пленэрін ұйымдастырушыларына мың да бір алғыс! Шәкірттерімізге сәттілік!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия