• 09.12.2021

“Азаматтықтың алғашқы қарлығаштары – желтоқсан қаһармандары!”

Авторkaznai

Nov 22, 2021

Тарих ғылымы үшін маңызды әдістердің бірі – ауызша тарих айту болып табылады. Бұл оқиғаға тікелей қатысушылардан құнды тарихи ақпаратты алуға бағытталған. Театр факультетінің 1 курс студенттерінің 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен осы оқиғаның 34 жылдығы қарсаңында Ғылым апталығының жоспары бойынша кездесуі жастарға үлкен эмоционалды әсер етті және оқиғаның нақты қатысушыларының аузынан тарихи шындықты алу мүмкіндігіне арналды

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы Ғылым апталығының жоспарына сәйкес 1986 жылғы Алматы қаласында орын алған Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы қарсаңында сол оқиғаға қатысушылармен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Академияның барлық факультет студенттері белсенді қатысты.  Осы желтоқсан оқиғасына қатысқан, біздің академияның оқытушыларының әңгімесі жастарға үлкен  әсер қалдырды. Өйткені студенттер оқиғаға тікелей қатысушылардан  мәліметтер алу арқылы  тарихи шындықты алу мүмкіндігіне арналды.

Өз естеліктерімен бөліскен қонақтар :

  1. Турдалиева Бахытжан Какиевна
  2. Жұмаш Арман Ысқақұлы
  3. Наймантаев Асқар Әбдіғалымұлы
  4. Көлжан Отар Ұлы Өтепбергенұлы

Қорытынды сөз сөйлеген кафедра меңгерушісі профессор А.Ш. Алимжанова, желтоқсан оқиғасы Тәуелсіздіктің жаршысы болғандығын атап өте келе, мұндай кездесулердің маңызды екендігін жеткізді. Сондықтан алдағы уақытта мұндай кездесулерді жыл сайын өткізуді ұсынды.

Студенттер сұрақтар қойып, өз әсерлерімен бөлісті. Қонақтарға жан тебірентерлік әңгімелері үшін алғысын айтып, таңғалысты.

           «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасынан модератор болған:                          

доцент  Садыкова А.Е.

профессор Шаймерденова М.Д

доцент Нурмухамбетов А.А