Close
08.05.2021

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы қазақ драма театры мен киносының танымал тарланы, Қазақстан және КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Еңбек Ері, академияның құрметті профессоры – Асанәлі Әшімұлы Әшімовті туған күнімен құттықтайды!


Құрметті Асанәлі Әшімұлы,
төл мерекеңіз құтты болсын! Еліңіз өзіңіздей тұғырлы тұлғасымен мақтанады. Қазақ киносын әлемдік деңгейге көтеріп, халықтың ұлттық рухын көтеруде аянбай тер төгіп келесіз.

Сіз сомдаған қайталанбас образдар тарихта алтын әріптермен жазылды.
Қоғам алдындағы құрмет-беделіңіз еселене берсін!

Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық тілейміз!

#Академия_Құттықтайды