• 21.11.2024

Профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Авторkaznai

Apr 18, 2022

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Кафедра атауыКафедра меңгерушісіПрофессорДоцентАға оқытушыОқытушы
Актер шеберлігі және режиссура11 (актер.рөлмен жұмысы)2 (1- актер. рөлмен жұмысы,1- актер. шебер.)
Сахна тілі11
Жеке ән салу12
Сахна пластикасы және дене тәрбиесі1 (акробатика)2 (дене шынықтыру)
Сценография1 (фильмнің бейнелеу шешімі)1 (постижер іскерлігі)
Дәстүрлі музыкалық өнер12 (1-дәстүрлі ән, 1-фольклор. ансамль)2 (1- дәстүрлі ән, 1-сольфеджио,гармония)1 (мамандық – баян)2 (1-домбрамен ән айту, 1-қосымша аспаппен ән орындау)
Эстрадалық оркестр аспаптары1 (оркестрлік класс)
Эстрадалық вокал2 (эстрад. вокал)2 (эстрад. вокал)
Экрандық өнер режиссурасы1 (кино режиссура негіздері)1 (режиссура шеберлгі)2 (1-анимация режиссурасы, 1- тәжериб. режиссура)
Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер3 (1-кинооператор.шеберлігі, 1- жазу технологиясы, 1-әлем музыкасының тарихы)1 (режиссура өнері)
Театр өнерінің тарихы мен теориясы13 (1-Еуропа театр.тарихы, 1-заманауи сын, 1-қазақ театр. тарихы)2 (1-ХХ ғасыр.театр.ағымдар, 1-шетел театр. тарихы)
Кино тарихы мен теориясы2 (1-Америка киносы, 1-әлем киносының тарихы)1 (қазақ кино. тарихы)
Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы1 (ежелгі және орта ғасыр Қазақстан бейнелеу өнер. тарихы)1 (бейнелеу өнер. көркем.материалдары)
Көркемсурет2 (кескіндеме, композиция)3 (1-пластикалық анатомия, 1-академия. сурет, 1- мүсін, композиция)2 (1-графика негіздері, 1- кескіндеме, композиция)
Дизайн1 (МҒЗЖ)1 (саулет. дизайн нысан. жобалау)1 (ландшафт.дизайн объект. жобалау)2 (1-арнайы сурет, 1-моделдеу)
Сәндік өнер1 (МҒЗЖ)2 (көркем тоқыма)
Сән және костюм дизайны1 (костюм композициясы)
Балетмейстерлік өнер1 (дуэтті-классик. бидің композициясы)1 (балетмейстер шеберлігі )
Хореография педагогикасы1 (Еуропа.билерді оқытудың әдістемелік негіздері)1 (латиноамерик.биді оқытудың әдістемелік негіздері )
Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар11 (философия)4 (2-орыс тілі, 1-саясаттану, 1-Қазақстан.қазіргі заман тарихы)2 (1-қазақ тілі, 1-құқық негіздері)
Шет тілдер және Қазақстан халқы Ассамблеясы11 (ағылшын тілі)2 (ағылшын тілі)
Компьютерлік технологиялар1 (ақпарат.коммуник.технология)
Арт-менеджмент және продюсерлеу2 (1-маркетинг, 1-фандрейзинг)1 (арт-индустр. жарнама мен PR)

Профессор–оқытушы құрамының лауазымдарына орналасуға арналған конкурс ҚР МСМ “Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы” РММ Ғылыми кеңесінің 2021 жылғы 26 наурыздағы (№8-хаттама) шешімімен бекітілген   ҚР МСМ “Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы” РММ профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережеге (әрі қарай – Ереже) сәйкес жүргізіледі.

Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

  1. Кафедра меңгерушісінде  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары, білім менеджменті бойынша  біліктілікті арттыру  курстарынан өту туралы сертификаттың (куәлік) болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  2. Профессорда жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе  профессор/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, соның ішінде доцент лауазымында  кемінде 5 жыл,  оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  3. Доцентте жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе  қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы және/немесе  Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, соның ішінде аға оқытушы лауазымында  кемінде 5 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  4. Аға оқытушыда  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде оқытушы лауазымында  кемінде 3 жыл немесе кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша тәжірибелік (шығармашылық) жұмыс  өтілі кемінде 7 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі және/немесе  Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  5. Оқытушыда  кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша жұмыс  өтілі кемінде 3 жыл  болған жоғары білімі және/немесе магистр академиялық дәрежесі, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.

Конкурсқа қатысушының білімі, ғылыми және академиялық дәрежесі, жұмыс өтілі кафедраның бағдарына сәйкес келуі міндетті.

Артықшылықтар ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе құрмет атағы (ҚР мемлекеттік марапаттары) барларға, ағылшын тілін меңгергендерге, алыс шетел университеттерінде оқытушылық тәжірибесі барларға, оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жұмыс негіздерін меңгергендерге беріледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар Академия ректорының атына өтініш жазады. Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:

  1. конкурсқа қатысушы өзі толтырған, тұрғылықты мекенжайын, байланыс телефондарын (үй, жұмыс, ұялы телефондары) және электронды мекенжайын көрсеткен кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы (фотосуретімен).

Жеке парақтағы еңбек қызметі жайындағы ақпарат конкурсқа қатысушының еңбек өтілін дәлелдейтін құжатқа сәйкес толтырылады. Конкурсқа қатысушының жеке парағында көрсетілген еңбек қызметі конкурсқа қатысушының еңбек өтілін дәлелдейтін құжатпен сәйкес келмейтін болса, онда құжатта келтірілген ақпараттар ескерілетін болады;

  • өмірбаян;
  • жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • конкурсқа қатысушының соңғы жасаған жұмыс орнының уәкілетті тұлғасының қолымен және ұйымның мөрімен расталған, Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын №2 – қосымшаға (бұдан әрі мәтін бойынша – №2 – қосымша) сәйкес толтырылған ғылыми, оқу-әдістемелік және шығармашылық жұмыстарының тізімі;
  • мекеме басшысы қол қойған мінездеме;
  • конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорография суреті бар жеке медициналық кітапша;
  • тіркелген жері бойынша (Алматы қаласы немесе Алматы облысының жақын жатқан аудандары) ҚІБ мөртабаны бар әскери билеттің (тіркеу куәлігінің) көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  • еңбек кітапшасы;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есептер бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  • конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  • конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;;
  • барлық оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік құжаттама (хабарландыруда көрсетілген пәндерге сәйкес ПОӘК және силлабус).

Академияда жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін академия ректорының атына өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. кафедра меңгерушісі қол қойған мінездеме;
  2. Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын №2 қосымшаға сәйкес жасалған, кафедра меңгерушісінің қолымен расталған ғылыми, оқу-әдістемелік және шығармашылық жұмыстардың тізімі (бұдан әрі мәтін бойынша – № 2 қосымша);
  3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есептер бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  4. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  5. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
  6. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорография суреті;
  7. барлық оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік құжаттама (оқытушының алдағы оқу жылына арналған жеке жоспары бойынша сағаттарды орналастыруға сәйкес ПОӘК және силлабус).

Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамада  ұсынылғанда немесе өтініштерді беру мерзімін бұзу жағдайларында тұлғасының құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

           Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі 127, № 2 кабинет  (қызметкерлерді құжаттау және тіркеу қызметі).

Құжаттар 2022 жылдың 18 мамырына дейін өткізілуі керек.

Анықтама телефоны: 8 /727/272-97-85.

Приемная комиссия