22 қыркүйекте, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры м.а. Шәріпбек Әмірбековтың есеп беру кездесуі өтті. Іс – шара ZOOM платформасында онлайн форматта өткізіліп, YouTube каналы мен Facebook ресми парақшасында көрсетілді.
Шәріпбек Ағабайұлы өзінің баяндамасында 2020-2021 оқу жылының қорытындысын жасап, академияның білім беру, шығармашылық, әлеуметтік, тәрбиелік қызметіне жан-жақты талдау жасады. Сондай-ақ, студенттер мен оқытушы-профессорлық құрамның жетістіктері, жұмыспен қамтылу жағдайы, халықаралық байланыс жайлы сөз қозғады. Академияның болашаққа арналған стратегиялық мақсаттары мен бағыттарына тоқталып, жаңа оқу жылында күтілетін нәтижелер атап өтілді.
Есептің соңы дәстүрлі сұрақ – жауап айдарымен жалғасып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сөз соңында Шәріпбек Ағабайұлы табанды еңбегі үшін академия қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Есеп беру кездесуінің толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.