• 28.03.2024

«Тәуелсіздік жолы: тарих, шындық және болашаққа бағдар»

Авторkaznai

Nov 23, 2021

2021 жылдың 23 қараша айында Т. Қ. Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы ұйымдастырған «Ғылым апталығы» аясында «Тәуелсіздік жолы: тарих, шындық және болашаққа бағдар» атты Халықаралық нетворкинг өткізілді. Нетворкинг жұмысына келесі шақырылған қонақтар қатысты:

Таикешева Сауле Савхозовна – Еуразиялық ғылыми және шығармашылық зиялы қауым Одағының Вице-президенті, «Қазақ тілі» Халықаралық орталықтың Орынбор өкілдігінің төрағасы, «Eurasia kazagtary» Халықаралық қоғамдастығының үйлестірушісі;

Садвокасова Закиш Тулехановна – ҚР БҒМ Ғылым комитетінің тарих және этнология институты, БҒҚ, т.ғ.д., профессор;

Әлібек Байбол – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы-драматург, әдебиеттанушы, сыншы, аудармашы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институты Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы.

Нетворкингте сөз сөйлеген Таикешева М.С. Ресей мен Қазақстанның ғылыми және шығармашылық интеллигенциясы арасындағы берік ынтымақтастық туралы айтып, Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА студенттеріне ресейлік жас қазақтарына ана тіліне үйрету мақсатында  ұйымдастырылған Ресей Федерациясының Орынбор қаласындағы білім беру тілдік лагерьлері жұмысына қатысуды ұсынды.

Садвокасова З.Т. өз сөзінде Қазақстан тарихын зерделеу қажеттілігіне ерекше назар аударды, өйткені қазіргі заман шындығы жағдайында интернет-кеңістікте және БАҚ-та таратылатын ақпаратты білу және дұрыстығын тексеру маңызды мәнге ие болуда. Сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қадамдары туралы айтып, Республиканың Тәуелсіздігі үшін күрестегі қазақ зиялыларының еңбегін мойындаудың маңыздылығын атап өтті. Студенттерге «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқып-үйренуге көмектесетін Қазақстанның тарихы интерактивті картасының құрастырылғандығы туралы жаңалықпен бөлісті.

Әлібек Байбол студенттерді Қазақстанның көрнекті ғылым және шығармашылық қайраткерлерінің өмірі мен қызметіне арналған жаңа ғылыми монографиялармен таныстырды.

Нетворкингке Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Театр өнері» факультетінің 1 және 2 курс студенттері және Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері белсенді қатысты. 1 курс студенттері «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі З. Н. Ботбаеваның жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихи жолы туралы баяндап, ғылыми-ақпараттық презентациялар дайындады.

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Алимжанова А.Ш., қорытынды сөз сөйлеп, іс-шараның қатысушылары мен қонақтарына алғыс айтып, өз елінің тарихын, қазақ тілін үйренудің, туған еліне, Қазақстанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара модераторы: «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ботбаева З.Н.

Приемная комиссия