• 27.01.2022

«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерт өткізді.

Авторkaznai

Nov 5, 2021

Қарашаның 5-і күні, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі №176 Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерт өткізді.

«Театр өнері», «Музыкалық өнер», «Хореография», «Кескіндеме, мүсін және дизайн», «Өнертану», «Кино және ТВ» факультеттерінің белсенді студенттері арнайы концерттік бағдарлама дайындап, түрлі музыкалық аспаптармен өнер көрсетіп, бүлдіршіндермен бірге ән айтып, би де биледі.

Шын жүректен, әрі адал ниетпен өткізілген бұл шара балалардың көңілінен шығып, шара соңында естелік суреттерге түсті.