• 22.11.2024

Ғылыми-сараптама тобының стратегиялық сессиясы өтті

Авторkaznai

Nov 13, 2021

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы, «Шет тілі және ҚХА» кафедрасы

СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯ «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІК МОДЕЛІНІҢ ЖҮЗЕГЕ  АСУ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»

2011 жылғы 11 қарашада Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алматы қаласында Н. Ә. Назарбаевтың Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделінің жүзеге асу ерекшеліктері» ғылыми-сараптама тобының стратегиялық сессиясы өтті

Сессияны ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы, «Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қоры,  Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы қаласы Ғылыми-сараптамалық тобы, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты

Стратегиялық сессияға қатысушылардың құрамы:

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының  Алматы қаласы бойынша Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, «Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қорының мүшелері, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми құрамы, «Жаңғыру жолы» ҚХА ЖҚ төрағасының орынбасары, ғылыми, білім беру және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, білім беру саласындағы мамандар, этно-мәдени бірлестіктердің жастар ұйымының мүшелері

Модератор: Алматы қаласы ҚХА ҒСТ төрағасы, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы. профессор Шайкемелев Мұхтарбек Сейд-Әлиұлы

Кіріспе сөз:

«Мәңгілік Қазақстан»  Қоғамдық қорының жоба жетекшісі  Нәлібаев Бейбіт

Стратегиялық сессияға Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар тарихы», «Шет тілдері және ҚХА» кафедраларының ғалымдары мен оқытушылары қатысты.

Стратегиялық сессияда мынадай мәселелер қаралды:

  • Алматы қаласында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделін дамыту тетіктері
  • Қазіргі Алматының көпэтностылығы мен көптілділігі.
  • Қазақстан мен Өзбекстандағы мәдени және тілдік жағдайының  салыстырмалы талдауы
  • Алматы қаласында  қоғамдық келісім  аясында қала тұрғындарының әлеуметтік көңіл күйі туралы
  • Алматы қаласында қоғамдық келісім мен жалпхалықтық бірлік моделінің іске асыруда саяси әлеуметтену субъектілерінің рөлі
  • Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік аясында этностардың  орналасу шекарасы

Академия атынан баяндамалар жасалды:

тарих ғылымдарының кандидаты, профессор ШАЙМЕРДЕНОВА МЕҢДІҒАНЫМ ЖАМАЛБЕКҚЫЗЫ, академия профессоры, ҚХА ҒСТ мүшесі баяндама жасады:  «Арманнан Қазақстан халқы бірлігі мен жасампаздығына қарай тарту»;

философия ғылымдарының кандидаты БОЖБАНБАЕВ БАУЫРЖАН МҰРАТБЕКҰЛЫ, Академияның «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті, ҚХА ҒСТ мүшесі баяндама жасады: «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде жаңа қазақстандық патриотизмнің қалыптасуы.

Приемная комиссия