• 05.12.2021

«Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы»

Авторkaznai

Nov 23, 2021

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан Ғылым апталығы аясында 2021 жылдың 23 қарашасында «Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Б.Б. Кәрібаев, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты А.Қ. Жұмаділ, Джонс Хопкинс университетінің PhD докторы (АҚШ) Н.Т. Абдимомынов қатысты. Студенттер үшін қызықты болған мәселелер туралы мол мәліметтер беріп, ойларымен бөлісті. Студенттер сұрақтар қойып, пікір алмасты. Дөңгелек үстелдің қарары қабылданды.