• 21.11.2024

Кітап – рухани қазына…

Авторkaznai

Dec 21, 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Бүкіл әлемдегі кітапханалар білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені» – дейді. Кітап – рухани қазына, ақылыңа ақыл қосып, кемелдендіретін құрал. Кітап оқу – еш көнермейтін тәсіл. Өркениетті елдердің көшінен қалмау үшін кітап қорына бай болуымыз керек. Сонда ғана рухани қажеттілігімізді үздіксіз жетілдіре аламыз.
Ендеше, кітапхана ісін қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі болып табылатындығын ескере отырып, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия кітапханасы «Кітапханаға кітап сыйла» акциясының әлі де жалғасын тауып келе жатқандығын хабарлайды.


Кітапхана қорын түрлі құжаттармен толықтыру, жастарды оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған акцияға
ҚР халық артисі, режиссер, драматург Төлебай Ерсайын Жүнісбекұлы «Режиссер танымы Т.1», «Алаш тарихы: пьесалар Т.2», «Драма пьесалар Т.3» үш томдық кітабын;

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми орталығының жетекшісі Кульшанова Арман Айтбекқызы «Новые подходы в изучении советской национальной политики в Казахстане в период становления тоталитарного государства (1917-1936 гг.)» кітабын;

Философия ғылымдарының кандидаты, ВАК доценті, «Театр өнері» факультетінің «Музыкалық театр» кафедрасының профессоры Сұлтанғалиева Эльмира Сәкенқызы «Халық дәстүрінің құдіреті» оқу құралын;

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы Гафиатуллин Тауфик Хайдарұлы «Первые части фортепианных сонат и сонатин» хрестоматиясын;«Театр өнері» факультетінің «Музыкалық театр әртісі» мамандығының студенті Нысанбай Бағдат  «Әбу Насыр әл-Фараби» 7 томдық жинағын сыйға тартты.
Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Білім ордасына кітаптарды сыйға тартқандары үшін алғысымызды білдіреміз.  #Алғыс_білдіреміз

Приемная комиссия