Ақпараттық коммуникациялар және тестілеу бөлімі

Аубакиров Жаркын Болатович
Ақпараттық коммуникациялар және тестілеу бөлімінің басшысы
Қосымша ақпарат:
Ақпараттық коммуникациялар және тестілеу бөлімі
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының құрамындағы Ақпараттық коммуникациялар және тестілеу бөлімі – Академияның ақпараттық жүйелерін басқару, қолдау және жетілдірумен айналысатын құрылымдық бөлімше.
Бөлімнің негізгі қызметі мен функциялары:
- – Академияның ішкі ақпараттық жүйелерін басқару және техникалық қолдау көрсету;
- – Оқу үдерісін цифрлық форматта ұйымдастыруға қажетті жүйелерді енгізу және жетілдіру;
- – Студенттерге қысқы және жазғы сессия кезеңдерінде компьютерлік тестілеу ұйымдастыру және өткізу;
- – Академия қызметкерлеріне корпоративтік электрондық пошта қызметін ұсыну және қолдау;
- – Ақпараттық қауіпсіздік пен жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- – Жүйелердің үздіксіз жұмысын бақылау және туындаған техникалық мәселелерді жедел шешу.
Бөлім қызмет көрсететін жүйелер:
- Platonus – оқу үдерісін басқару жүйесі;
- Moodle – қашықтықтан оқыту платформасы;
- Антиплагиат – ғылыми және дипломдық жұмыстардың түпнұсқалығын тексеру жүйесі;
- Турникет SCUD – Академия аумағына кіріп-шығуды бақылау және тіркеу жүйесі;
- Компьютерлік тестілеу – сессия кезеңінде студенттердің білімін электрондық форматта бағалау жүйесі;
- Корпоративтік пошталар – Академия қызметкерлеріне арналған ресми байланыс құралы.
Бөлім заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді қолдана отырып, Академияның білім беру және әкімшілік процестерінің тиімділігін арттыруға үлес қосады.
Search
Announcements

18.04.2025

17.04.2025