24 қазан күні, Республика күніне орай, Темiрбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында шағын футболдан жарыс өтті.
Жарысқа 15 команда қатысты. Ойын қорытындысы бойынша Кесіндеме, мүсін және дизайн факультетінің командасы бірінші орын иеленсе, Театр өнері факультеті екінші орын, ал жатақхана студенттерінен жасақталған құрама үздік үштіктен көрінді. Жақсы нәтиже көрсеткен ойыншылар мен командаларға арнайы марапаттар табысталды.
Тарысты өткен ойын алаңында студенттер өздерінің мықтылығы мен дайындықтарын көрсетті. Спорттық іс-шараны Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің бастамасымен Сахна пластикасы және дене тәрбиесі кафедрасы ұйымдастырды.






